Ақпарат

ҚАЗЫҒҰРТ: АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІМІН ТАБУДА

Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов Қызылқия ауыл округіне қарасты Атажұрт ауылында болып, елді мекенде жүргізіліп жатқан ауыз су құбыры желілерінің құрылысы барысымен танысты.

Аталған жоба прокуратура органдарымен мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылуда. Ауыл тұрғындарының ауызсуға қолжетімділігін арттыру және олардың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында басталған жоба аудан әкімдігінің қатаң бақылауында. Бұл – мемлекет тарапынан ауылдық аймақтарды дамытуға, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге жасалып жатқан нақты қолдау. Жоба аясында елді мекенге жаңа су құбыры жүйесі толық тартылып, тұрғын үйлерге таза ауыз су жеткізілетін болады.

Бұл бастама – Қазығұрт ауданында соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан инфрақұрылымдық жобалардың жалғасы болып табылады. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта өзге елді мекендерде де кезең-кезеңімен жалғасатын болады.

Қатысты жаңалықтар

САРЫАҒАШТА ТӘУЛІГІНЕ 100 МЫҢ ДАНА БІР РЕТТІК ЫДЫС-АЯҚ ӨНДІРІЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТӨЛЕБИДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

azatmedia

САПАЛЫ ӨМІР ТЫНЫСЫ – ҚОЛЖЕТІМДІ ДӘРІ

azatmedia