Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен кезекті аппарат жиыны өтті. Кезекті мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, ауыл округтерінің әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша алғашқы сөз кезегінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Сихымбаева ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жайлы баяндады.Келесі кезекте, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Патима Ташимова инвестиция тарту және индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы туралы мәлімдеді.
Бөлім басшылары баяндамаларында аудандағы барлық салалардағы индикаторлық көрсеткіштердің облыс бойынша рейтингін көрсетіп, бірқатар салаларда жоспарлы межелер орындалмай тұрғандығын айтты. Аудан басшысы жауапты қызметкерлермен осы мәселелер бойынша егжей-тегжейлі талқылап, белгілі мерзімде кемшіліктердің орнын толтыруды тапсырды.
Сондай-ақ, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Берік Алтынбеков Ұлттық ауылшаруашылық санағы жұмыстарының жағдайын хабарлады.Мәжілісте сонымен қатар күн тәртібінен түспейтін, «Таза Қазақстан» акциясы, абоненттерді табиғи газ бен ауыз су жүйесіне қосу, азаматтарды әскеге шақыру жөнінде кеңінінен талқыланып тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді.
Жиын соңында аудан әкімі қаралған мәселелер жөнінде сала орынбасарлары, аппарат қызметкерлері мен ауыл округінің әкімдері және тиісті бөлім басшыларының жұмыстарына біршама қатаң ескертулер жасады. Алдағы жұмыс жоспарына нақты міндеттер жүктеп, орындалу барысын жіті бақылауда ұстайтындығын айтты.