Ақпарат

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЖАҢА МӘДЕНИ НЫСАНДАР БОЙ КӨТЕРУДЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде мәдениет нысандарын көбейту және халықтың мәдени демалысқа қолжетімділігін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Келес ауданында мәдениет саласын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінде ауданда 8 мәдениет үйі мен 11 клуб тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді. Былтыр аудандағы Ошақты ауылдық округіне қарасты Жиделі елді мекенінде 75 орындық жаңа мәдениет үйі салынып, пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта Жүзімдік ауылдық округінде жаңа мәдениет үйінің құрылысы басталып, қарқынды жүргізілуде. Алпамыс батыр, Біртілек және Ұшқын ауылдық округтерінде мәдениет үйлерін салу бағытында дайындық жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ, 4 елді мекенде жаңа мәдени нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды. Бұл жобалар жүзеге асқанда, ауыл тұрғындарының мәдени өмірі жаңа деңгейге көтерілмек.

Одан бөлек, биыл Абай ауылында аудандық мұражай салу жоспарланған. Аталған жоба үшін арнайы жер телімі бөлініп, мемлекеттік акті алынды. Бүгінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Әлеуметтік нысандардың құрылыс барысы бақылауда болады.

Қатысты жаңалықтар

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы көтеріледі

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИНВЕСТОРЛАРМЕН МЕТАЛЛУРГИЯ ЗАУЫТЫН АШУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

azatmedia