Бүгін Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев қоғамдық қабылдау кезінде көтерілген мәселелердің бірі – Шарафкент ауылындағы ағын суға байланысты ауыл тұрғындарымен кездесті.Тұрғындардың айтуынша, соңғы уақытта көшелерді толтырып аққан лайлы ағын су егіншілікке кедергі келтіріп қана қоймай, ауыл ішіндегі жолдарды шайып, қауіпсіздікке де қауіп төндіріп отыр. Бұл мәселе әсіресе, егіс алқабына су жеткізу кезінде туындаған.Аталған жағдайды көзбен көріп, нақты мән-жаймен танысқан аудан әкімі жергілікті тұрғындармен және су жүйесіне жауапты мамандармен кездесіп, суды тиімді әрі қауіпсіз пайдалану жолдарын бірлесіп талқылады.Аудан басшысы егіншілерге ағын суды кесте бойынша белгіленген уақытпен пайдалануды, су тарататын арық-каналдарды тазалап, ағыстың еркін жүруін қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, арық бойына қауіпсіздік тақтайшаларын орнатып, су бойында өскен қамысты оруды, ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.Бұл мәселені бақылауға алғанын жеткізген аудан әкімі ауыл тұрғындарына суды тиімді пайдалану және бір-біріне түсіністікпен қарау арқылы мәселені жүйелі шешуге болатынын айтты.© Түлкі
Алдынғы жаңалық