Санатталмаған

МЕКТЕПТЕРДЕГІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

AzatMedia. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектептерді аралады. Қала басшысы алғаш болып Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта мектепте жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Алғаш білім ошағының іргетасы 1989 жылы қаланған. 1060 орындық білім ордасында бүгінде «Ынтымақ Құрылыс» ЖШС құрылыс компаниясы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қала әкімі жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау мақсатында әрі қарай №3 Балалар эстетикалық саз мектебіне барды. Қазіргі таңда мамыр айында басталған күрделі жөндеу жұмысының 30 пайызы аяқталған. Барлық жұмыстарды мердігер компания жоспарланған кестеге сәйкес жаңа оқу жылына дейін аяқтауы тиіс.

Сонымен қатар, тозығы жеткен №122 жалпы орта мектепке де ат басын бұрды. 2 ауысымда білім беріп отырған 620 орынды аталмыш мектептің кірпіші 1984 жылы қаланған.

Әкім мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатқанына көз жеткізді. Білім нысандарындағы жөндеу жұмыстарының жай-жапсарымен танысқан Мұрат Дүйсенбекұлы құрылыстың сапасына аса мән беруді, сондай-ақ жұмыстарды тездетіп жаңа оқу жылына дейін толығымен аяқтауды тапсырды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТ: БЕРЕКЕЛІ ШАҢЫРАҚ – БЕРІК ҚОҒАМНЫҢ КЕПІЛІ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА 500-ДЕН АСТАМ ЖАС ДОМБЫРАШЫ БІР МЕЗЕТТЕ КҮЙ ТАРТТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ХАН МЕШІТІНІҢ ІШКІ ЭКСПОЗИЦИЯСЫ КЕЛУШІЛЕР НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТ: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – БІЛЕКТЕН, МЕЙІРІМДІ ІС – ЖҮРЕКТЕН

azatmedia

ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ТҮРКІСТАНДА ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖОЛЫНДА: ТҮРКІСТАНДА ӨҢІРАРАЛЫҚ AI ХАКАТОН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

azatmedia

В Туркестане открыт уникальный мурал в поддержку конституционной реформы

azatmedia

Пікір қалдыру