Ақпарат

ТҮРКІСТАН: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 11 МЫҢНАН АСТАМ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚҚА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛДЫ

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның ішінде, жергілікті полиция қызметінің полицейлерімен белгіленбеген орындарға қоқыс шығару, жалпы пайдалану орындарын абаттандыру қағидаларын бұзу жайттарының 11 440 дерегінің жолы кесілді. Оның ішінде, жалпы пайдалану орындарын ластаған 9406 азаматқа және абаттандыру ережелерін бұзған 2034 тұрғынға шара көрілді.Мәселен, Отырар ауданы аумағында орналасқан қоқыс полигонын тексеру кезінде жазық далада коммуналдық қалдықтар шашылып жатқаны анықталды. Құқық бұзушыға қатысты құжаттар жинақталып, тиісті шара көру үшін Экология департаментіне жолданды.Бұл шара «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында заңнаманы бұзу фактілеріне тосқауыл қоюға, сондай-ақ елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жандандыруға бағытталған.  

Қатысты жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР МӘСЕЛЕЛЕР ЕРЕКШЕ БАҚЫЛАУЫМЫЗДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТТІК ЖАСҚА ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТІ МЕН ДОМБЫРА ТАРТУ ЕТІЛДІ

azatmedia