Ақпарат

ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІМЕН ЖЕМІСТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Ермұхамет Нұрмаханбетұлы Жұмабектің төрағалығымен бейнебайланыс коференциясы режиміндегі жиын өтіп, есеп беру кестесіне сәйкес, Атырау, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстық және Шымкент қалалық партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінің биылғы жылғы 9 айда атқарған жұмыстарының қорытындысы тыңдалды.Онлайн форматта өткен жиынға партияның Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев, партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Манат Жадақова қатысып, партиялық құрылымның облыс жұртшылығымен орнатқан кері байланыс арналарының жұмыс нәтижелерін баяндады. Азаматтардың арыз-өтініштерін тыңдау, олардың шешім табуына үлес қосу, тұрғындарға құқықтық көмек көрсететін алаң құру, шалғай елді мекендер тұрғындарының базынасына құлақ түру, жергілікті мемлекеттік атқарушы органдар мен құқық қорғау органдары өкілдерінің, халыққа қызмет көрсетуші ұйымдар жетекшілерінің, депутаттардың қарапайым азаматтар тарапынан көтеріліп жатқан сауалдарына жауап беруін үйлестіру бағытында атқарып жатқан жұмыстарының барысын хабарлады.Азаматтардың өтініштерін оңтайлы шешу мәселесі – партиямыздың алдында тұрған басты міндеттердің бірі екенін айтқан Манат Уәлиханқызы, бұл бағытта өңірімізде партия қанаты астында 18 қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс жүргізетінін мәлімдеді. Жыл басынан бері партия филиалына «Е-контакт центр» және «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен барлық 14 081 өтініш бақылауға алынғанын, оның 8 690-ы, яғни келіп түскен барлық өтініштердің 62 пайызы оң шешім тапқанын жеткізді. Сондай-ақ, 5 326 өтінішке заң аясында кеңестер берілсе, 65 өтініштің қаралу мерзімі бар екенін хабарлады.«Е-Контакт центр» ақпараттық жүйесіне тіркелген өтініштердің субъектісін талдауда, азаматтардың алаңдаушылығын білдіретін ең өзекті деген бес сала анықталды. Оның ішінде жалпы өтініштің 33 пайызын құраған әлеуметтік көмекке мұқтаждық бойынша 4 627 өтініш келіп түскені белгілі болды. Екінші кезекте жалпы өтініштің 24,5 пайызын немесе 3447 өтінішті құраған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері анықталды. Үшінші кезекте жұмысқа орналасу және еңбек қатынастары бойынша 1241 өтініш келіп түсіп, ол барлық өтініштің 8,9 пайызын құрады. Төртінші кезекте жалпы өтініштің 8,6 пайызын құраған тұрғын үйге және жерге мұқтаждық бойынша 1207 өтініш тіркелді. Ал денсаулық сақтау мәселелері бойынша 725 өтініш бақылауға алынып, ол барлық өтініштің 5,1 пайызын құрайды және бұл мәселе ең өзекті деген халық сұранысының бестігін қорытындылайды», – деді Манат Жадақова. Партия көмегіне жүгініп, өтініш білдірген азаматтардың 42 пайызы ауыл тұрғындары болса, 20 пайызы – жұмыссыздар әлеуметтік тобына жатады. 12 пайызы – толық емес отбасылар, 8 пайызы – зейнеткерлер, 6 пайызы – көпбалалы аналар санатына жататыны белгілі болды. Ал өтініш білдірген азаматтардың қалған 12 пайызын жеке санаттар бойынша – өзін өзі жұмыспен қамтығандар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, үй шаруасындағы азаматтар, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер құраған.Есеп беру кезеңінде барлығы 3685 қабылдау жүргізіліп, 12 398 азаматтың өтініштері қаралған. Оның ішінде Парламент депутаттары жүргізген 28 жеке қабылдауда 208 өтініш қаралған болса, мәслихаттардағы партиялық фракция депутаттарының 991 жеке қабылдауы жүргізіліп, 3384 өтініш тыңдалған. Облыс, қала, аудан әкімдері, әкім орынбасарларының 238 жеке қабылдауында 1075 өтініш қаралған болса, мемлекеттік органдар мен департамент басшыларының 665 жеке қабылдауында 2002 өтініш тыңдалған. Аймақтық, аумақтық партия филиаларының төрағалары мен атқарушы хатшыларының 298 қабылдауында – 915 өтініш, заңгерлер, адвокаттар, жеке сот орындаушылар мен нотариустардың829 қабылдауында – 2101 өтініш қаралған. Сондай-ақ, қоғамдық қабылдау бөлмелері мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен өткізген 636 тақыптық, көшпелі қоғамдық қабылдауларда 2713 өтініш қаралып, жауап берілген. «Құқықтық көмек» жобасы бойынша829 қабылдау өткізіліп, 2101 өтініш қаралды. Оның 1204-і, яғни барлық өтініштердің 57,3 пайызы оңтайлы шешілді. Ал, 897-іне заң аясында кеңестер берілді. Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің бастамасымен облыстық филиалдың мобильді қоғамдық қабылдау тобы заңгер, адвокаттарды қоспағанда 60-тан астам мемлекеттік және құқық қорғау орган басшыларының қатысуымен 8 ауданның 10 шалғай елді мекенінде мобильді қоғамдық қабылдау өткізіліп, оған 86 ауылдың 965 тұрғыны қамтылды. Облыс бойынша тоғыз ай көлемінде 222 мобильді көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілді. Оған, 1232 азамат жүгініп, оның 734-і, яғни 60 пайызы оң шешілді. Ал, 498-не заң аясында кеңестер берілді. Мобильді көшпелі қоғамдық қабылдаулардың пайдасын көрген тұрғындар партияға алғыстарын білдіруде», – деді партия филиалының қоғамдық қабылау бөлмесінің меңгерушісі.Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысын жандандыру мақсатында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті прокурорларының қатысуымен аумақтық партия филиалының жауапты қызметкерлеріне арналған әдістемелік оқыту-семинары өткізіліп, партия қызметкерлеріне арыз-өтініштерді қарау тәртібі, «е-Өтініш» ақпараттық жүйесімен жұмыс жүргізу мәселесі, «Контакт центр» модулі бойынша жұмыстар жүргізудің әдіс-тәсілдері жөнінде пайдалы сабақтар өткізілген. Өтініштер мен шағымдардың орындалуына деген халық сенімін арттыруда қоғамдық қабылдау бөлмелері «Айтылды-орындалды», «Сіздің мәселеңіз шешілді», «Аманатқа алғыс» айдарларын іске қосып, тұрғындармен мейлінше кері байланыс арнасының түзуді қолға алған.Партияның Түркістан облыстық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлмесінің нәтижелі жұмысына және ұсынған слайдтық материалдарына Ермұхамет Жұмабек алғысын білдіріп, партияның аймақтық филиалының жұмысы жемісті екенін айрықша атап өтті және қоғамдық қабылдау бөлмесінің тұрғындар үшін тартымды орынға айнала беруіне тілектестігін жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

Алдағы уақытта мұғалімдердің жалақысы қалай өзгереді?

azatmedia

Тағы 77 адамнан коронавирус анықталды

azatmedia

AMANAT: АҚ ХАЛАТТЫЛАР ОҚУЫНА АҚ ҚАНАТТЫ ПЕРІШТЕЛЕР КЕЛДІ

azatmedia