Ақпарат

ТҮРКІСТАН: АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ» АТТЫ ЭТНОКВЕСТКЕ БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ

Түркістан қаласы «Жастар ресустық орталығы»-базасында «Ұлы даланың ұлттық ойындары» тақырыбы аясында өткен этноквестке «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облыстық өкілдігі және «Жастар ресустық орталығы»-ның мамандары, «Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастығы, Тарих пәні мұғалімдері, Жоба ассистенттері, «Жігерлі ел» ҚБ жастары қатысты.Қатысушылар 5 топқа бөлінді.1 –топ «Жастар»2-топ « Шаңырақ»3- топ «Шаттық»4- топ «Сұңқар»5- топ «Аламан»Этноквестің бағдарламасы 5 ойын алаңынан кезекпен-кезек өту болатын.1-алаң «Турквест»- Түркістан қаласының мәдени орталығы және киелі жерлеріне, салт дәстүрлерге байланысты сұрақтарға жауаптар болды2- алаң «Викториналық сұрақтар»- Түркістан туған өлке туралы мәліметтерді білу.3-алаң «Атақты тұлғалар» – пазлдарды құрау арқылы атақты тұлғаны тауып, оның шығармашылығынан үзінді оқу немесе өмір баянына тоқталып өту.4-алаң «Ұлттық ойындар»- қатысушылар бөлме ішіне жасырылған заттарды алып, оның тарихын айтып өту. Қазақтың қандай ұлттық ойыны тапқан затпен байланысты және топпен бір эпизод көрсету.5- алаң «Кім жылдам»- қатысушылар бұл тапсырманы топпен жылдам жасау керек. Әріптерді ым-ишара арқылы салу, геометриялық фигураларды сомдау тапсырмаларын орындауНәтижесінде барлық қатысушылар этноквестке белсене қатысып, Тринта ЖҚ атынан «Сертификат» табысталды. Орын алған 1-топ «Шаңырақ», 2- топ «Сұңқар», 3- топ «Жастар»- ға «Диплом» берілді. Орын алған «Шаңырақ» тобы ТРИНТА ЖҚ атынан ақшалай 100 (жүз мың) сыйақы берілді.Ақпарат Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен іске асырылатын «ҮЕҰ және Қазақстан халқы Ассамблеясы: қазақстандықтар үшін өзара іс-қимылдың пайдалы практикасы» жобасы шеңберінде дайындалды.

Қатысты жаңалықтар

Ақын жігіт президент алдында елдегі «былықтарды» өлеңмен жайып салды (видео)

azatmedia

Патерналистік модель сипаты

azatmedia

Еңбек адамы – Амангелдиев Сухрабжан 

azatmedia