Ақпарат

САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ХVIIІ ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

«Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағы Түркістан облысы Сарыағаш аудандық кәсіподақ ұйымының ХVIIІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференция жұмысына 43 бастауыш ұйымнан сайланған 60 делегаттан 58 делегат қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Ешанқұлов Шырынбек Қалтайұлы есепті кезеңде атқарылған жұмыстардың жетістіктері мен кемшіліктерді талдап, баяндап берді. Есепті кезеңге Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің тексеру комиссиясының төрағасы Құдияров Бауыржан Орманұлы аудандық комитеттің қаржылық жағдайының есебін баяндады. Делегаттар атқарылған жұмыстарды талқылай келе «қанағаттанарлық» деп бағалады.Жиынға «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағы Түркістан облыстық ұйымның төрайымы Есебаева Күлдар Аралбекқызы, Сарыағаш аудан әкімінің орынбасары Қозыбаев Алдияр Хайбілдаұлы қатысып, кәсіподақтардың ауданда, облыста, республикада атқарылып жатқан жұмыстарынан мәлімет берді. Конференцияда аудандық кәсіподақ жаңа құрамы, тексеру комиссиясының жаңа құрамы сайланды. Жаңа мерзімге Сарыағаш аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы болып Ешанқұлов Шырынбек Қалтайұлы бірауыздан қайта сайланды. Алдағы уақыттада еңбектеріңіз жемісті болсын!- деп тілек білдіреміз!!!

Қатысты жаңалықтар

АЙМАҚТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТЕДІ

azatmedia

Кезекте тұрған келестіктерге жер телімі беріледі

azatmedia

Өнімдер шет елдерге экспортталуда

azatmedia