Ақпарат

ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ ЖЕТІСАЙ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалында АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың кезекті жиыны өтті. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаевтың жетекшілігімен өткен мәжілісте штаб мүшелерінің аудан тұрғындарымен өткізіп жатқан кездесулерінің барысы таразыланды.Жиын барысында аудан, аймақтарда өтіп жатқан кездесулерде өңір тұрғындарының басым бөлігі Қазақстанда атом энергетикасын дамыту идеясына қолдау білдіріп жатқаны айтылды. АЭС салу жөніндегі бастаманы қоғамдастық еліміздің әрі қарайғы дамуына серпін беретін жоба ретінде қарастырылатынына баса мән берілді.Халықтық штаб өкілдерінің аудан тұрғындарымен түсіндіру жиыны аудандық Мансап орталығы қызметкерлерінің және «ОңтүстікЖарықТранзит», «ҚазақГаз Аймақ» АҚ аудандық бөлімшелері жұмысшыларының қатысуымен өткен кездесумен жалғасты. Жүздесуде бүгінгі күндегі электр энергиясының жетіспеушілігі экономиканың қарқынды дамуына, ауыл шаруашылығының өріс алуына, ірі өнеркәсіптік нысандардың жұмысын толық өндірістік қуатта жолға қоюына мүмкіндік бермейтіні айтылды.«Электр энергия тапшылығы еліміздің оңтүстік өңірлерінде айрықша сезіледі, былтырғы қорытынды бойынша дефицит 3,1 млрд кВт/сағ құрады. Салыстыру үшін айта кетсек, орташа есеппен 100 мың тұрғыны бар бір қала 700 млн кВт/сағ тұтынады. Бұл – бизнес субъектілері мен өнеркәсіптік кәсіпорындарды есепке алмағанда тек үй шаруашылықтары ғана тұтынатын энергия. Электр энергия жетіспеушілігі Ресейден жеткізу есебінен жабылады. Былтыр жоғары инфрақұрылымдық шығындар есебінен шамамен 100 миллиард теңге төленді. Болашақта бұл шығын көлемі тек арта бермек», – деді мәселенің маңыздылығына тоқталған Парламент Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев.Жиынға қатысқан Халықтық штаб мүшелері АЭС құрылысы экономикаға мультипликативті әсер беретінін айтып, жаңа жұмыс орындары түзілетініне назар аударды.Қазақстанда атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері Асық ата кентіндегі №15 колледжінің педагогикалық ұжымымен де кездесті. Атом электр станциясы құрылысының маңыздылығына тоқталған штаб мүшелері, бұл стратегиялық нысанның құрылысы Қазақстанның энергетикалық балансындағы экологияға зиян көмір станцияларының үлесін азайтуға ықпал ететінін атап өтті.Кездесулер барысында аудан тұрғындары Қазақстанда атом энергетикасын дамыту жөніндегі бастаманы қолдайтындықтарын білдіріп, еліміз үшін тағдыршешті таңдау сәтінде жерлестерін азаматтық жауапкершіліктің жоғары үлгісін көрсетуге шақырды.  

Қатысты жаңалықтар

МАҚТААРАЛ МЕДИАТОРЛАРЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІН ӨТКІЗДІ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ 5 ШАҒЫНАУДАНҒА ГАЗ ЖҮЙЕСІ ТАРТЫЛУДА

azatmedia

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖОЛ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ САУАЛДАРЫ ТЫҢДАЛДЫ

azatmedia