Ақпарат

БИТУМ ЗАУЫТЫНЫҢ ҰЖЫМЫ ҚУАТЫМЫЗДЫҢ АРТУЫН ҚОЛДАЙДЫ

АЭС құрылысын қолдау жөніндегі Халықтық штабтың өкілдері бүгін Төлеби ауданына жұмыс сапарымен барды. «QazaqBitum» ЖШС-нің өндірістік алаңында өткен кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының фракция мүшесі Ұласбек Сәдібеков, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық маслихаттағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, «RESPUBLICA» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Бейбіт Биназаров, облыстық және аудандық мәслихаттардың бірқатар депутаттары, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің PhD докторы, физика ілімінің кәсіби маманы Нұрдәулет Шектібаев, Төлеби аудандық Халықтық штабының өкілдері және «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Төлеби аудандық электр желілері мекемесінің директоры Маханбетали Машаев қатысты.Өндірістік орынның жұмысшылары алдында сөз алған штаб мүшелері, Қазақстанның қазіргі энергетикалық ахуалы, елімізде атом энергетикасын дамыту мүмкіндікері жөнінде кеңінен мағлұмат бере отырып, АЭС туралы ғалымдар мен сала мамандары беріп жатқан шынайы және дәйекті ақпараттармен бөлісті.«Сіздер өндірістік сала маманысыздар, сондықтан атмосфераға тарайтын көмірқышқылы газдарының қандай зиянды екенін білесіздер. Дүнижүзілік ядролық қауымдастықтың сарапшылары ядролық энергиясыз көміртегі бейтараптығы мақсаттарына қол жеткізу мүмкін емес деген ғылыми дәлелденген қорытындыға келіп отыр. Ал, Қазақстан халықаралық қатынастардың толыққанды субъектісі ретінде, 2060 жылға дейін декарбонизация бойынша міндеттемелерін орындауы керек», – деп АЭС салу бастамасының ең өзекті қырларының бірі – экологиялық мәселе екенін Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков мәлімдеді.Атом электр станцияларының қалдықтарының көлемі басқа өнеркәсіп қалдықтарымен және одан да жоғары жылу электр станцияларының қалдықтарымен салыстырғанда аз екенін Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің PhD докторы, физика ілімінің кәсіби маманы Нұрдәулет Шектібаев атап өтті. «Қоғамдық санада радиациялық қауіп туралы стереотип сақталған. Оны ғылыми дәлелденген тұжырымдармен еңсеруіміз керек. Мәселен, пайдаланылған ядролық отынды қайта өңдеу нәтижесінде, пайдалы материалдарының 90 пайыздан астамын қайта пайдалануға болатынын айтуымыз қажет. Радиоактивті қалдықтардың шамамен 97 пайызы радиохимиялық көрсеткіштері бойынша төмен немесе өте төмен деңгейлі қалдықтарға жатады», – деген пікірін жеткізді Нұрдаулет Әтенұлы.«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев атом энергетикасының өріс алуы экономиканың маңызды секторларын дамытуға ықпал ететінін айтты. «Атом энергетикасы экономиканың маңызды қозғалтқышына және жоғары технологиялық сектордың локомотивіне айналады деген дәйекті пікірлер бар. Бұл сала экономикадағы маңызды секторлардың өріс алуына ықпал етіп, осы санаттағы ғылыми ізденістердің бағдар алуына мүмкіндік жасайды. Атом электр станциясын салу және пайдалану озық технологияларды, инновацияларды және үздік ІТ шешімдерді дамытуға серпін береді», – деді Алтынсары Дүйсенбекұлы.Еліміз үшін стратегиялық мәні зор жоба туралы толығырақ мағлұматтармен ғалымдар, энергетик мамандар, партия өкілдері мен депутаттар бөлісті. Кәсіпорын ұжымы алдағы дамуымыздың бағдарын белгілейтін прогрессивті бастаманы қолдайтындарын білдіріп, атом энергетикасына көшу – дәуір талабы екенін айтты. 

Қатысты жаңалықтар

Ордабасы ауданына сән беретін бірден-бір сәулетті нысан бой көтертегелі тұр.

azatmedia

ЗАМАНАУИ ӘЛЕМДЕГІ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ КӨЗІ

azatmedia

АТПАЛ АЗАМАТТЫҢ ЕСКЕРТКІШІ АУМАҒЫ ТАЗАЛАНДЫ

azatmedia