Ақпарат

ЕЛДІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНА НЕГІЗ БОЛАДЫ

Бүгін, АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штаб мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев облыстық штаб мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары Жарқынбек Қанаев пен Жақсыбай Құрақбаев және аудандық штаб мүшелері Мұхтар Сәрсенов пен Махамбет Ердешов аудан ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері және білім саласының қызметкерлерімен, «Мырзакент» аудандық емхана ұжымымен, аудан жастарымен, кітапханада мәдениет саласы қызметкерлерімен және аудандағы спортшылармен жүздесіп, еліміз үшін стратегиялық жоба – атом электр станциясын салудың артықшылықтары туралы ақпарат беріп, пікір алмасты.Энергетика министрлігінің мәліметінше, АЭС құрылысы 10-12 миллиард долларды құрайды. Құрылыстың соңғы құны жеткізушіні, технологияны таңдағаннан кейін және құрылыс үшін таңдалған учаскені бағалаудан кейін есептеледі. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, мұндай жобалардың өтелу мерзімі 20 жыл, АЭС-тің жалпы пайдалану мерзімі 60 жыл, бұл кезеңді 100 жылға дейін ұлғайту мүмкіндігі бар. Электр энергиясын өндірудің тәуліктік өзіндік құны су электр станцияларын қоспағанда, айтарлықтай төмен болады. Дегенмен, АЭС-ті пайдаланудың алғашқы кезеңдерінде тариф жоғары болады. Өйткені тариф құрылыс кезеңінде салынған инвестицияны қайтарады. Бұл туралы штаб өкілдері кездесу барысында атап өтті.«Атом электр станциялары тұрақты және болжамды электр энергиясын өндіруге қабілетті. Бұл – әсіресе, өнеркәсіп пен ірі қалалар үшін аса маңызды. Сонымен қатар уранның үлкен қорына ие Қазақстан көміртегі шығарындыларын барынша азайта отырып, энергетикалық қажеттіліктерін қанағаттандырудың тиімді және экологиялық таза тәсілі ретінде атом электр станцияларын пайдалана алады. Осылайша, елдің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңартылатын энергия көздері мен атом электр станцияларын дамытуды біріктіру оңтайлы стратегия болмақ», – деп атап өтті Темір Базарбайұлы мақтааралдықтармен кездесу барысында.Жиын барысында Халықтық штабтың өзге де мүшелері энергия тапшылығы мәселесі, атом электр станциясының елге беретін пайдасы, экономика мен әлеуметтік ахуалға тигізетін оң әсері және қауіпсіздік жайында кеңінен түсіндіріп, 6 қазан күні өтетін Референдумда елдің болашағы үшін қатысуға шақырды.Қазақстанда атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері жұмыс сапарымен Төлеби ауданында болып, «KAZPLAST» ЖШС ұжымымен, Ленгір қаласының тұрғындарымен және «Яссин» медициналық орталығының ұжымымен кездесті.Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының фракция мүшесі Ұласбек Сәдібеков бастаған топтың қатарында «Ауыл» партиясынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Таңсәуле Серіков, «RESPUBLICA» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Бейбіт Биназаров, облыстық және аудандық мәслихаттардың бірқатар депутаттары, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің PhD докторы, физика ілімінің кәсіби маманы Нұрдәулет Шектібаев, Төлеби аудандық Халықтық штабының өкілдері қатысты.Штаб өкілдері тұрғындармен кездесу барысында энергия тапшылығын азайтуда атом электр станциясының маңыздылығы туралы атап өтті. «Атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның энергетикалық балансындағы көмір энергиясының үлесін азайтады. Бұл қазіргі уақытта әлемдегі ең жоғары энергия көзі болып табылады. Осылайша, атом электр станциясының құрылысы 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің қабылданған Стратегиясын жүзеге асырудың негізгі қадамы болмақ. Бүгінгі таңда дүние жүзінде 62 реактор салынып жатыр, көптеген елдер атом электр станцияларының паркін кеңейту жоспарына кірісті немесе алғашқы атом энергетикасы бағдарламасын әзірлеуде»,–деп атап өтті Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібекұлы.Сонымен қатар, штаб өкілдері АЭС-тің артықшылықтары, экономикалық пайдасы жайында ақпараттармен бөлісті. Сондай-ақ, Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) жайында сөз қозғап, шетелдік тәжірибеден мысал келтірді. Азаматтар тарапынан көтерілген сұрақтарға жауап беріп, оларды республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды.   

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАП ТҰР

azatmedia

ДАЛА МЕРЕКЕСІ: ҚАЗЫҒҰРТТА «ҚЫЗҒАЛДАҚ FEST» ӨТКІЗІЛДІ

azatmedia

ЖЕТІСТІКТЕР – ЖАСТАРДЫҢ ЖІГЕРІМЕН КЕЛЕДІ

azatmedia