Спорт

СПОРТ – БІЗДІҢ СЕРІГІМІЗ!

Қазығұрт ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жастар шыңы – 2024» іс шарасы өтті.Аталмыш шараға Қазығұрт ауданының әкімі А.Исмаилов, Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Е.Бектаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Көшкінбай, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Серкебаев, облысқа қарасты аудан, қала және ерікті, талантты жастары жалпы 50-ге жуық жас қатысты.

«Сайрам – Өгем мемлекеттік ұлттық паркіне» қарасты Мақпалкөл биігіне, яғни теңіз деңгейінен 2900 метр биіктікте орналасқан шыңға 2019 жыл – Жастар жылына орай, «Жастар шыңы» атауы берілген болатын. Биыл осы «Жастар шыңына» 5 жыл толып отыр. Өгем тауына арнайы ұйымдастырылған саяхат жұмыстарының негізгі мақсаты: еліміздегі эко – туризмді дамыту, еліміздің киелі орындарымен тарихи мекендерді жастар арасында кеңінен насихаттау.

Сонымен қатар, аудан әкімі А.Исмаиловтың және шараға қатысушы жастармен бірге «Таза Қазақсатан» акциясы аясында “Jasyl Marathon 24” плоггинг болып өтті. Аудан тұрғындары мен жастарды тазалыққа шақыру мақсатында Өгем өзені бойында өткізілген тазалық жұмыстарына жастар белсенді қатысты.

Сондай-ақ облыс жастары, аудан әкімідігі, Қазығұрт аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мен ерікті жастар арасында волейбол турнирі өткізілді.Жарыс қорытындысына сәйкес:1-орын «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің командасы2-орын «Түркістан» командасы3-орын «Қазығұрт ауданы әкімдігінің» командасы 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТӨЛЕБИ БАБАНЫҢ 360 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫ» ӨТТІ

azatmedia

«Барселона» сатқысы келетін ойыншыларын анықтады

azatmedia

АСЫҚ АТУДАН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

azatmedia