Спорт

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ҚАЗАҚША КҮРЕСТЕН ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

Қазығұрт ауданы әкімдігінің қолдауымен Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң ұйымдастыруымен орталық қызметкерлері арасында “Ұлттық спорт – ұлт келбеті” атты қазақга күрестен сайыс өтті.

Мақсат – бағзы заманнан бері бабамыздан мирас болып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық ойындарды жастар арасында кеңінен насихаттау. Сондай-ақ, қазақ халқының ұлттық ойындарын, салт – дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптеу, туған елге, жерге, өз Отанына деген жастардың сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Дүбірлі додада бабы мен бағы қатар шапқан қызметкерлер жүлделі орындарға ие болды. Жарыс қорытындысында Сапарәлі Сәленов бірінші орынды иеленіп, 150 000 теңгені қанжығасына байлады. Ал, екінші орынға ие болған Елдос Тұрысбек 100 000 теңгені қанжығасына байлады. Үздік үштікті Нұршер Әзімбай қорытындылап, 75 000 теңге көлемінде сыйақы жеңіп алды. Сонымен қатар, шеберлігімен көзге түскен Алмас Бағдатов Алмас, Жағалбай Жүніс ынталандыру 30 000 тг көлемінде қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Қатысты жаңалықтар

Головкин мен Канело арасындағы жекпе-жек күні белгілі болды

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ЗАМАНАУИ ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

azatmedia

Түркістан облысының өнерпаздары 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысады

azatmedia