Мәдениет

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ!

21 – 23 маусым аралығында көршілес Қырғызстан Республикасының Бішкек қаласында «Алтын жұлдыз» халықаралық шығармашылық конкурсы болып өтті. Аталған конкурсқа Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының барша облыс, қалаларынан әртүрлі өнерпаздар қатысты.

«Алтын жұлдыз» конкурсына 3 жас ерекшелік бойынша, яғни, кіші топ 5-10 жас аралығы, орташа топ 11-13 жас аралығы және жастар тобы 14-16 жас аралығындағы өнерпаздар қатысып, бақ сынады. Сондай-ақ, конкурс 5 бағытта: түрлі аспаптарда ойнау, ән айту (вокал), би билеу (хореография), бейнелеу өнері, көркем өнер жанрлары бойынша өткізілді.

«Алтын жұлдыз» халықаралық шығармашылық конкурсына Қазығұрт ауданынан тәлімгерлер Уразова Гульнара және Наурызбаева Фарида өз шәкірттерін алып барып, би билеу (хореография) және ән айту (вокал) жанрлары бойынша өз өнерлерін паш етті. Нәтижесінде, Уразова Гульнараның тәлімгерлігіндегі «Балауса» халықтық би ансамблі 3 жас ерекшелігі бойынша конкурсқа түсіп, супер гран-при, гран-при және 1-орындарды жеңіп алды. Ал, Наурызбаева Фариданың тәлімгерлігіндегі 2 өнерпазымыз ән айту бойынша конкурсқа қатысып, Есімхан Жәңгірхан гран-при, Сайранбай Олжас 1-орын иеленіп, қазақ елінің атын шығарып, елге жүлделі оралды.

Барша жеңімпаздарға алдағы уақытта Түркия елінде өтетін өнер сайысына жолдама мен кубоктар, дипломдар және ақшалай сертификаттар табысталды.Жерлестерімізді жүлделерімен құттықтаймыз! 

Қатысты жаңалықтар

«ДЕПУТАТ ТАЛҒАТ БАЛТАБАЕВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА БОЛЫП ЕДІМ»

azatmedia

Қазығұрт ауданының тарихи-мәдени мұра нысандары: Ақбура кесенесі

azatmedia

Психологиялық тест ойыны: Мінез құлқыңызды тексеріңіз!

azatmedia