Қоғам

«ДОСТЫҚ ДАСТАРХАНЫ» БІРЛІКТІ НЫҒАЙТА ТҮСТІ

Қазығұрт ауданы Тұрбат ауыл округінде аудандық өзбек этно-мәдени орталығының ұйымдастыруымен «Достық дастарханы» атты палау фестивалі болды. 2015 жылдан бері дәстүрге айналып, жыл сайын өткізіліп келе жатқан бұл сайыстың ұлттық салт-дәстүрді кеңінен насихаттап, ұлтаралық қатынастарды нығайтуға тигізер септігі мол. Атаулы фестивальға аудандық Ардагерлер ұйымының төрағасы Аманбай Омаров және басқа да мүшелері, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Аян Көшкінбай және аудандық мәслихаттың депутаттары Есімхан Исақұлов, Нұрлан Кадиров, Жавлон Сабитовтар арнайы қатысып, құттықтауларын жеткізді.

Сондай-ақ, атаулы жиынға көршілес Өзбекстан Республикасынан, Түркістан облысының басқа да қала-аудандарынан қонақтар келіп қатысты. Біздің еліміз көп ұлтты мемлекет. Сондықтан, біз үшін «ынтымақ», «бірлік» деген ұғымдар үлкен мәнге ие. Еліміздегі барша ұлттар мен этнос өкілдерінің көк туымыз астында бүгінгі күнге дейін тату-тәтті, ынтымағымыз жарасқан күйде күн кешіп жатқаны аудан халқының достыққа деген, бірлікке деген ұмтылысының арқасы. Осы орайда ұйымдастырылған бұл сайыстың мәні ерекше.

Мерейлі іс-шара барысында өзбек этнос өкілдерімен өзара достықтың белгісі ретінде сый-сияпат жасасып, сайысқа түскен аспаздар арнайы аудан әкімінің Алғыс хаттармен марапатталды.

Қатысты жаңалықтар

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ: Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу

azatmedia

Қозғалыстардың саяси партиялардан негізгі ерекшелігі

azatmedia

Қазақ елін мақтаныш тұтамыз!

azatmedia