Спорт

Деніңе саулық дертіңе шипа сыйлаған

16 маусым – Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Қазығұрт аудандық спорттық жарыстар жоғары дәрежеде ұйымдастырылып өтті. Ақ халатты абзал жандардың мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған бұл спорттық жарысты Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұлов, қиналғанда көмек сұрап, ауырғанда шипа іздеп алдына барған кез келген науқасқа қолдау көрсететін, өмірлеріне қауіп төнген сәтте араша түсіп, тіпті кейде екінші рет өмір сыйлап жататын барша дәрігерлерді кәсіби меркелерімен құттықтап, спорттық іс-шараны ашып, барлық командаларға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынқтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Серкебаев, Қазығұрт аудандық орталық аурухананың басшысы Б.Сланов құттықтау сөзге шығып, «Денсаулық – адам үшін баға жетпес байлық. Бұл күн құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандардың мерекесі”. “Медицина кәсібі-адамгершіліктің асылы” сондықтан барлық медицина қызметкерлеріне бақыт, еңбекте табыс, төзімділік пен күш қайрат және отбасыларының берекесіне ізгі ниет тілектерін білдірді.

Аудандық жарысқа аурухана қызметкерлерінен құралған 14 команда қатысты. Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінің екі спорт залында жарыс өте тартысты, әрі қызықты өтті. Бұл спорттық іс-шараға келген жанкүйерлер тарапынан да қызығушылық танытып, командаларға шабыт беріп, қолдау көрсетті.Мерекелік іс-шарада спорттың 5 түрінен: волейбол, кіші футбол, арқан тарту, бильярд және қашықтыққа жүгіруден бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша волейболдан жүлделі бірінші орынды Қазығұрт аудандық орталық аурухана командасы иеленсе, екінші орынды Тұрбат командасы, үшінші орынды Қызылқия командасы, төрінші орынды категория №4 командасы жеңіп алды. Спорттың арқан тарту түрінен І-орынды Шарбұлақ командасы иеленсе, ІІ-орынды Тұрбат командасы, ІІІ-орынды Емхана командасына берілді. Жүлделі орындарға ие болған командалар диплом, медаль, кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандық спортшы Нурмагомбетовпен жекпе-жекке түспек

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН ТӨЛЕБИ БАБА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС БАСТАЛДЫ

azatmedia

«Астана» командасының бас бапкері қызметінен кетті

azatmedia