Мәдениет

«Нағыз қазақ-домбыра» атты Қазығұрт аудандық күйшілер байқауы өтті

Өскелең ұрпақтың домбыраға деген қызығушылықты арттырып, күй мәдениеті арқылы ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, күй мұрасын жас ұрпаққа жеткізу,өнер әлемінде жас дарынды домбырашылардың шығармашылық қабілеттерін толығырақ ашу мақсатында «Нағыз қазақ-домбыра» атты Қазығұрт аудандық күйшілер байқауы өтті.

Байқауды мәдениет сарайы директоры Бегазов Бауыржан Жандарұлы домбырашы жастарға ыстық лебізін білдіріп байқауды ашып беріп, қатысушы үміткерлерге сәттілік тіледі. Үміткерлерге «Өнер» мектебінің домбыра класының мұғалімі Шыршықбай Мақсұт Кенжалыұлы, аудандық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Тантабаева Мейрамкул Садықұлқызы, аудандық мәдениет сарайының музыкалық жетекшісі Қосаева Балнұр Сайрамбайқызы қазылық етті. Үміткерлер байқауда бірінші кезеңде Құрманғазы Сағырбайұлының күйлерінен, екінші кезеңде еркін тақырыпта күй орындау бойынша сынға түсті. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша Рабаттық күйші Серік Амина мен Сынтас ауылынан Мирзалы Асылзат жүлделі ІІІ – орынды иеленсе, Рабаттық Есенбек Шұғыла жүлделі ІІ-орынды иеленді. Қақпақтық күйші Асан Серіғали жүлделі І-орын.

Жоғары деңгейде өнер көрсеткен Жылыбұлақтан «Art kids» жас домбырашылар оркестрі «Бас жүлдені» қанжығаларына байлады. Барлық қатысушыларға дипломдар және жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар берілді.

Ұлттық өнеріміздің негізгі саласы – аспапты музыка. Аспапты музыка- мәдени мұрамыздың түрі қазақ даласының қайталанбас табиғат көріністерін, бостандық сүйгіш үнін, азаттық аңсаған арманын, халық тағдыры мен тарихын, аңыз бен шындығын асқан көркемділікпен музыка тіл-әдістерімен паш етеді. Қазақтың аспапты музыкасына домбыра, қобыз, сырнай тағы да аспап түрлері кіреді. Соның бірі де, бірегейі ұлттық құндылықтарымыздың бірі –домбыра. Домбыра арқылы ән де күй де орындалып халық қолданысында келеді. Әсіресе қазақ халқының күйі- ұлт тарихының әр кезеңінде халықтың рухани сұранысына тереңінен жауап береді. Күй – адамның ішкі дүниесінің сыры. Дана Абай өз шығармаларында ән мен күйдің адамның рухани дүниесіндегі орнын асқан шеберлікпен көрсетіп кеткен.     

Қатысты жаңалықтар

Қазығұрт ауданының тарихи-мәдени мұра нысандары: Ысмайыл Ата кесенесі

azatmedia

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ!

azatmedia

Қазығұрт ауданында «Менің Қазақстаным» атты ән байқауы өткізілді

azatmedia