Санатталмаған

Мақтааралда кәсіпкерлік саласы өркендеп келеді

Мақтаарал ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі 2019 жылы 7,1 миллиард теңгені, өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 5 миллиард 380 миллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіштер 2018 жылмен салыстырғанда едәуір өскендігін байқатады.

Шетелден тікелей инвестиция тарту бағытында 2019 жылы Мақтаарал ауданында жалпы инвестиция көлемі 450 миллион теңгені құрайтын 2 жоба іске асырылып, 60 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Сонымен қатар, 2019-2020 жылдары кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында және картадан тыс жалпы құны 920 миллион теңгені құрайтын 6 жоба іске асырылды.

Мақтаарал ауданының индустриалды аймағында 2019 жылы жалпы құны 300 миллион теңгені құрайтын «SOLDATOS» ЖШС-нің асфальт-бетон зауыты іске қосылды. Қазақстан және Греция елдері бірлесіп ашқан зауыт Германияның технологиясымен жабдықталған. Тәулігіне 1000 тонна асфальт шығаруға қауқарлы жаңа кәсіпорында 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Ауданға кіреберістегі сауда-логистикалық қызмет көрсету орталығында жалпы құны 352,8 миллион теңге құрайтын жоба іске асырылды. 2019 жылы орталықта бассейн, қонақ үй, автотұрақ, павилион, әкімшілік ғимараты, таразы, дүкен, қойма, техникалық қызмет көрсету орталығы, автокөлік қосалқы бөлшектер дүкені іске қосылған. Кәсіпорын 20 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Құны 200 миллион теңгені құрайтын «Ғибрат құрылыс» ЖШС-нің темір-бетон өндірісінің зауыты да айына 25-30 миллион теңгенің дайын өнімін шығаруда. Түркияның «Умман» фирмасының зауытында шығарылған алып қондырғы сағатына 60 куб дайын бетон шығаруға қауқарлы. 57 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отырған кәсіпорында орташа жалақы 130 мың теңгені құрайды.

2019 жылы Мақтаарал ауданындағы Атакент кентінде «Алтын сарай» демалыс кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Құны 100 миллион теңгені құрайтын нысанда аудан тұрғындары мен қонақтар қонақ үй, мейрамхана, бассейн қызметін бір уақытта пайдалана алады. Жаңадан ашылған нысанда 15 адам жұмыспен қамтылып отыр.

Жалпы, аталған жобалардан бөлек, 2019 жылы құны 200 миллион теңгені құрайтын «Алтын» супермаркеті мен құны 120 миллион теңгені құрайтын «Әсет» медицина орталығы да ел игілігіне берілді.

Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, «Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика» тарауының аясында аудан аумағында «Қарапайым заттар экономикасы» бағыты бойынша 2019 жылы жалпы сомасы 41,4 миллион теңгені құрайтын 2 мал бордақылау алаңының жобасы іске асырылды.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданында 150-ге жуық мал бордақылау алаңдары жұмыс істеп жатыр.

Қатысты жаңалықтар

Қоғамдық тәртіпті қадағалау – басты міндет

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ЕЛ БІРЛІГІ МЕН РУХАНИ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУҒА ЕЛЕУЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

azatmedia

AMANAT: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ АЛАҢЫНА БАЗЫНАСЫН АЙТА КЕЛГЕН БҰҚАРА КӨП

azatmedia

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖӘНЕ «ЖЕР АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

azatmedia

БІЗДІҢ КҮШІМІЗ – БІРЛІКТЕ

azatmedia

ДЕПУТАТТАР ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

azatmedia

«БАТАЛЫ ЕЛГЕ БАҚ ҚОНАР» ЭСТАФЕТАСЫ «БАТАГӨЙ ҚАРИЯ» БАЙҚАУЫНА ҰЛАСТЫ

azatmedia

САУРАНДА ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП – САЙРАМ АУДАНЫНДА

azatmedia

Пікір қалдыру