Қоғам

Ашық терезелер – балалар үшін қауіпті!

Түркістан қаласының төтенше жағдайлар басқармасы хабарлайды!

Өкінішке орай балалардың терезеден құлауы сирек кездесетін жағдай емес, сәбилер танымайтын белгісіз нәрселерге деген қызығушылықтары туындап, қорқыныш дегенді түсінбейді. Алайда, ауа-райының жылынуына байланысты балалар биіктіктен құлап жатыр. Жазатайым оқиғалардың себебі неде? Қайғылы оқиғаның қайталанбауы үшін, қандай іс-әрекет қолдану керек?

Қалалық жерлерде балалардың жарақат алуы мен өліміне әкеп соғатын негізгі себетерінің бірі –терезеден құлау оқиғалары. Ашық терезе алдында кішкентай балалар осал болады, өйткені оларды ашық терезенің арғы жағында не болып жатқаны қатты қызықтырады. Бұл туралы әртүрлі алынған жарақаттардан балалардың қаза болуы деңгейі куәландырады. Көп қабатты тұрғын үйде терезеден құлау балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себептерінің бірі болып табылады.

Негізгі себеп – оңай ашылатын заманауи пластикалық терезелер. Егер мұндай терезе тек москит торымен жабдықталған болса, ол екі есе қауіпті болады. Кішкентай балалар тіпті бір сәтке қараусыз қалса да терезеден құлап, қауіпті жарақаттар алады. Мұның себебі – ересектердің абайсыздығы.

Балалардың абайсыздығынан болған оқыс оқиға ата-анасының қарауынсыз қалған балалар ұшырайды.

Қазіргі жаз мезгілі ашық тұрған терезенің балаларының өміріне қауіпті екенін ата-аналар ұмытып кетеді.

Үйде балалар болған жағдайда ешқашан терезені ашық қалдырмаңыз! Сіз балаңыздын жанында болғаныңызбен бірнеше секундқа бір нәрсеге алданып кеткенде, балаңыз өз өмірімен қош айтысуы мүмкін.Балаларыңызды еш уақытта қараусыз қалдырмаңыздар!

Балаларыңыз терезені өз еркімен аша алмауы үшін  терезелеріңізге тіреуіш орнатыңыздар!

Терезеден құлау жағдайынын балаларды қалай сақтауымыз керек?

  • Терезеден құлау оқиғаларына көбінесе ата-анасының қарауынсыз қалған балалар ұшырайды. Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыздар.
  • Терезеге шықпауы үшін терезе маңында жиһаздардың барлық түрін алып тастаңыздар.
  • Масаға қарсы торларға еш уақытта сенбеңіздер! Олар құлап баражатқан балаларыңызды қорғай алмайды! Керсінше олар осы масаға қарсы торларды қауіпсіз деп ойлайды, алайда балалар осы тормен бірге құлап кетеді.
  • Мүмкіндік болса терезенің астынғы жағын емес, жоғарғы жағын ашып қойыңыз.
  • Балаңыз терезені аша алмауы үшін терезеге бірнеше арнайы бекіткіштер орнатыңыз.
  • Егерде сіз балаңызға терезеден бірденелерді көрсеткен болсаңыз-балаңызды қатты ұстап, қимыл қозғалысын қадағалаңыз, тез қозғалыс өрекеттеріне дайын болыңыз, қолыңыз құрғақ болып, киімінен ұстамауға тырысыңыз.
  • Егерде сіздің дәл казір бекіткіш немесе сақтандыратын жабдық орнатуға мүмкіндігіңіз болмаса, тұтқаны бекітіп тұрған бұрандаманы бұрауышпен алып тастап жоғары жаққа қойыңыз.

Барлық жоғарыда аталған ережелер балконда да сақталуы тиіс.

Жыл сайын биіктен құлау себебінен көптеген балалар мерт болуда. Ата- аналар балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар. Абай болыңыздар!

Жаздың басталуымен көпқабатты үйлердің ашық терезелерінен балалардың құлауының қайғылы жағдайлары жиі орын алуда.

Көбінесе себептер:
1. Қорғаныс құрылғыларының болмауы.
2. Терезелердегі ойындар.
3.Қадағалау жеткіліксіз.

Балаларға ашық терезелерден қауіп төндіретін қауіп:
1. Сынықтар мен бас жарақаттары.
2. Ішкі жарақаттар жəне органдардың жарақаттары.
3. Сирек жағдайларда – өлім.

Жазатайым оқиғаны болдырмау үшін келесі ережелерді сақтау қажет:
1. Қорғаныс торларын орнатыңыз.
2. Терезелерде құлыптар мен блокаторларды қолданыңыз.
3. Балаларға қауіпті түсіндіріп, оларды қадағалаңыз.
4. Терезелерді үнемі тексеріп отырыңыз.
5.Жиһазды терезелерден алыс ұстаңыз.

Балаларымызға үлкен қамқорлықпен ғана біз ең қымбат нəрсені – баланың өмірін сақтай аламыз!

Ашық терезе сіздің балаңыз үшін қауіпті болуы мүмкін. Жазатайым оқиғалардың негізі себептері — ересек адамдардың балаларды қараусыз қалдыруы. Жыл сайын биіктіктен құлаудың салдарынан көптеген балалар жарақат алады.

Түркістан қаласы ТЖБ ескертеді:

Кішкентай балаларды әрқашан қадағалаңыз;

Москит торларына толық сенім артуға болмайды, олар құлаудан қорғауға арналмаған;

Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат етпеңіз.

Балаларға қамқорлық жасаңыз! Біз үшін әрбір өмір маңызды!

Балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша жадынама.
Терезеден құлау балалардың жарақаттануы мен қаза болуының негізгі себептерінің бірі болып табылады, әсіресе қалаларда. Жаратылысынан бәрін білуге құштарлығына байланысты балалар ашық терезеге өте осал. Балалардың терезеден құлап кетуіне байланысты апаттың алдын алу үшін, келесі ережелерді сақтау керек:
Пәтердегі терезелерді ашу және үй-жайды желдетер кезде, баланың қараусыз қалмағанына көз жеткізіңіз.
Мүмкіндігінше, терезелерді (желдеткіштерді) төменнен емес, жоғарыдан ашыңыз.
Бала терезені өз бетінше аша алмайтындай етіп терезелерге блокираторлар (арнайы бекіткіштер) орнатыңыз.
Баланың балконға ересектердің қарауынсыз шығуына жол бермеңіз.
Ұйықтап жатқан баланы ешқашан пәтерде жалғыз қалдырмаңыз. Бала оянып, ашық терезенің тақтайшасына шығып кетуі мүмкін. 
Төсекті қоса алғанда, барлық жиһаздарды терезе алдынан жылжытыңыз. Бұл баланың терезе алды тақтайшасына  кездейсоқ шығуына жол бермейді.
Балаға терезе қалай  ашылатынын көрсетпеңіз. Терезені өз бетінше ашуды қаншалықты кеш үйренсе, оның пәтерде болуы соғұрлым қауіпсіз болады.
Балаға терезеден немесе балконнан көшеге қарау үшін орындықты немесе басқа құрылғыны аяғының астына қоюды үйретпеңіз. Кейіннен, осылай әрекет ете отырып, сыртқа ұмсына қарау  нәтижесінде терезеден (балконнан) құлап кетуі мүмкін.
Москит торлары көп қауіп төндіреді:
– Бала алда қандай да бір кедергіні көреді, оған сенімді сүйенеді, нәтижесінде ең кішкентай бір жасар баланың салмағына арналмаған тормен бірге құлап кетуі мүмкін.
– Егер 5-7 жастағы бала пәтерде жалғыз қалудан қорқатын болса, оны тіпті аз мерзімге де жалғыз қалдырмаңыз. Көбінесе балалар қорқыныш сезініп, ата-аналарын көру үшін терезеден немесе балконнан қарайды, нәтижесінде бала құлап кетуі мүмкін. 

Қатысты жаңалықтар

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» ФЕСТИВАЛІНІҢ КӨШІН ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ЖАЛҒАДЫ

azatmedia

ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

azatmedia

Жалпы адамзаттық құндылықтар

azatmedia