Санатталмаған

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

AzatMedia. Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде жұмысымен ерекше көзге түскен бірқатар ұстаздар марапатталды. Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рахымбек Қуатбекұлы елімізде «Covid-19″ вирусының таралуына байланысты жарияланған карантин уақытында талмай еңбек еткен мектеп мұғалімдерін қабылдап, ұстаздар қауымына алғысын білдірді.

«Құрметті ұстаздар, сіздер карантин кезінде өздеріңіздің үздік іс-тәжірбиелеріңізбен біліктіліктеріңізді ұштастыра білдіңіздер. Төтенше жағдайға байланысты қабылданған білім беру әдісін меңгеріп, тиісті деңгейде атқарып шықтыңыздар. Осындай қысыл-таяң шақта аянбай күш-жігерлерін жұмсап, қызмет еткен барша ұстаздарға алғыс айтқым келеді», – деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, елде жариялан карантин кезінде ұстаздар мектеп оқу бағдарламасын телеарна арқылы және онлайн режимде оқытуға көшкен болатын. Осыған байланысты ұстаздардың көмегімен 100-ге жуық бейне сабақ пен онлайн оқытуға арналған әдістемелер дайындалды. Бүгінде осындай жұмыстарға атсалысып, марапатқа ие болған оқытушылардың арасында Н.Оңдасынов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі Самат Мамбетов, С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Нұрбол Нұрлыбаев, №19 жалпы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Ғалия Омарова, №9 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Ольга Аллашова, Н.Оңдасынов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының химия пәнінің мұғалімі Бекжан Хасанов, №9 Некрасов атындағы мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі – Лида Магамедқызы, №8 Н.Төреқұлов атындағы мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нигара Атаханова, №2 Хамза ат. мектептің тарих пәнінің мұғалімі Апсен Санжар, №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі – Әлия Әлиқызы, №7 жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Мұхтар Сартаев бар.

Сонымен қатар, басқарма басшысы өңірдегі мектеп оқушыларының қашықтан білім алуына ақпараттық қолдау көрсеткен «Оңтүстік» телеранасының жүйелік администраторы Дидар Әубәкірұлына, компьютер графикасының дизайнері Мұқан Молдадосовқа, эфир-операторы Әмірбек Батырхан Ерсұлтанұлына алғыс білдірді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТҰҢҒЫШ РЕТ «AUYL INVEST FEST. БАЛЫҚ АУЛАУ – 2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ЭЛЕКТРОВОЗДАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ ӘЗІРЛЕНГЕН «ТҮРКІСТАН САҚШЫЛАРЫ» МУЛЬТФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТАҒЫ ҚҰС ФАБРИКАСЫ ӨҢІРДІ ОТАНДЫҚ ӨНІММЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІП ОТЫР

azatmedia

БАТЫС ЕУРОПА – БАТЫС ҚЫТАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОДӘЛІЗІНДЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН КОРЕЯ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕҢЕЙЕ ТҮСЕДІ

azatmedia

ОРДАБАСЫ: ҚҰРЫЛЫС ПЕН ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ЖЕТІСАЙДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

azatmedia

МОНТАЙТАСТАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ: ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ОРЫНДАЛЫП, ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру