Санатталмаған

«МАХАББАТ МАҚАМ МАРХАБАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» және «Түркі әлеміне қызмет» сыйлықтарының лауреаты, жазушы публицист Мархабат Байғұттың мерейлі 75 жасқа толуына орай, 2020 жылғы 17 сәуір және 26 мамыр аралығында «Махаббат мақам Мархабат» республикалық жас қаламгерлердің шығармашылық байқауы өткізілді. Республикалық жас қаламгерлердің шығармашылық байқауына республикамыздың басқа да облыстарынан қатысушылар ниет білдіріп, өтініш білдірген.

Жалпы байқауға 87 жас қаламгерлер қатысып, топтан жарып шыққан үздіктер мен жүйріктер анықталды. Көркем шығарма бағыты бойынша 1-орынды Түркістан қаласынан Әмәлият Арқалық жеңіп алды, 2-орынға Отырар ауданынан Аяулым Жақсыбек ие болса, 3-орынды Қазығұрт аудынан Жамал Жүрсінбек қанағат тұтты. Ал, көркем өлең бағыты бойынша 1-орынды Түркістан қаласынан топ жарған Дәурен Тлеухан иемденсе, 2-орынды Түркістан қаласынан Еламан Төлеутай, 3-орынды Шығыс Қазақстан облысынан Рысгүл Досжан алды. Сондай-ақ, эссе жазу бағыты бойынша 1-орын Шымкент қаласынан Анарбай Жамал; 2-орын Шымкент қаласынан Ерболат Айнабеков; 3-орын Ақтөбе облысынан Дархан Мендолинға бұйырды.

Байқаудың қорытынды нәтижесін арнайы құрылған әділ қазылар алқасы қазылық жасады. Әділқазылар алқасының құрамында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сейдулла Садықов, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, ақын Әлібек Шегебай, жас ақын Мұқағали Кенжетай және Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і басшысы Амалбек Өміртай бар.

Жастар ресурстық орталығының басшысы Амалбек Өміртай барлық қатысушы жастарға алғыс білдіріп және жеңімпаздарды құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.
Байқау жеңімпаздары облыстық «Жастар ресурстық орталығының» арнайы сыйлықтарымен және алғыс хаттарымен онлайн марапатталды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру