Ақпарат

ЖОЛ КАРТАСЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ – ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

«AMANAT» партиясының саяси тұғырнамасында денсаулық сақтау саласындағы кезек күттірмейтін мәселелерді кезең-кезеңімен шешіп, реттестіру – басты міндеттердің бірі ретінде белгіленген. Азаматтардың сапалы медициналық ем қабылдауына мүмкіндік жасауда ауылдық жерлерде фелдшерлік амбулаториялық және медициналық пункттер салу – партияның Сайлауалды бағдарламасының маңызды тармағы болып енгізілген.

Сайлауалды бағдарламаны Түркістан облысында іске асырудың Жол картасына сәйкес, Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Ынтымақ және Жаңадәуір ауылдарында дәрігерлік амбулаториялардың құрылыстары қолға алынды. Ауыл тұрғындары үшін маңызды нысандардың құрылысы биылғы жылдың шілде айында басталды, бекітілген жоспар бойынша, жаңа ұйымдар алғашқы пациенттерін жыл соңына қарай қабылдайтын болады. Осы күнге дейін аталған ауылдардың тұрғындары ем алу үшін бірнеше шақырым жол жүріп, Лесбек батыр елді мекеніндегі емханаға келуге мәжбүр болатын.

Сондай-ақ партия бекіткен Жол картасына Сауран ауданы, Ораңғай елді мекенінде 200 орындық оңалту орталығы мен психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек балаларға арналған 50 орындық әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы да енгізілген еді. Аталған орталықтардың дайындығы «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының жіті бақылауына алынған.

Азаматтарға арнайы қызмет көрсететін бұл ұйымдардағы құрылыс жұмыстарының барысын партияның өңірлік филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреева арнайы барып көрді. Құрылысқа тартылған мердігер ұйымдардың өкілдерімен жүздесіп, құрылыс барысындағы түйткілді мәселелерді талқылады, оларды шешу жолдарын қарастырды.Айта кету керек, партияның Сайлауалды бағдарламасының орындалуы – аманаттық өкілдер үшін ең басты азаматтық міндет болып табылады және сайлаушылардың талабымен айқындалып, бекітілген индикаторлық көрсеткіштердің жүзеге асуына, партия өкілдері жергілікті мемлекеттік атқарушы органдармен бірлескен іс-қимыл жүргізіп келеді. 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда өткен тәулікте 73 адам коронавирус жұқтырған

azatmedia

БҮГІНГІ ҰРПАҚ – ЕРТЕҢГІ ЕЛ ҮМІТІ, ҰЛТТЫҢ ЖАЛҒАСЫ!

azatmedia

Қазығұрттық шаруалар екінші өнімді өсіріп жатыр

azatmedia