Қоғам

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ: Ұстазда бәрі – өсиет, үлгі- өнеге …

Түркістан облысы, Төлеби ауданы , Достық ауылы, №16 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мекембай Азиза Қайратқызы. Әрбір бала – жарқыраған шамшырақ, оны жаға білген ұстаз ғана ұтады.

Мен бүгінгі таңда білім беру саласында еңбек етіп келемін. Күн сайын алдымда пәк көздерімен жәудіреп отырған шәкірттеріме зер сала қараймын. Қараймын да ойланамын. Алға үмітпен талпынған олардың алдында менің де ұстаз ретінде үлкен жауапкершілігім бар екенін іштен сезінемін. Сондықтан менің өзіме қояр талабым, алдыма қойған мақсатым жоғары болуы тиіс, өйткені сол жарқыраған шамшырақты дер кезінде байқап, дер кезінде жағу білу – менің ұстаздық парызым.

«Ұстаздық жол – ұлы жол» демекші 2012-2016 жыл аралығында Халықаралық Гуманитралық Техникалық Университетін оқып қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша диплом алдым. Ұстаздық жолымды 2016 жылы Достық ауылы, №16 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінен бастадым. 2020-2022ж Орталық Азия Инновациялық Университетінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша Педагогика ғылымдарының магистрі атандым.Қазіргі таңда педагогикалық еңбек өтілім 8 жыл, педагог-модератор санатындағы ұстазбын.

Осы орайда кейінгі 5 жылдағы кәсіби жетістіктеріме тоқталып өтсем: 2019 жылы «Педагогикалық дебют» Облыстық жас мамандар байқауында жүлделі ІІ-орынмен марапатталдым.2019 жылы аудандық жас мамандар арасында өткізілген байқауда шығармашылық жұмысым үздік деп танылды.2019 жылы Аудан білім бөлімінің басшысының «Алғыс хатымен» марапатталдым.2020 жылы Жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін дамыту, кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында өткізілген «Ең білімді педагог-2020» бас жүлдемен марапатталдым.2021-2022 жылы Төлеби адами әлеуетті ауданының дамыту бөлімі,о қушылар арасында өткізілген олимпиаданың аудандық кезеңінде жүлделі ІІІ- орын иеленгені үшін оқушым Толысбай Сезім марапатталды.2021-2022 жылы мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін, кәсіби потенциялын көтеру мақсатында өткізілген пән олимпиадасының аудандық кезеңінде жүлделі ІІІ- орын иелендім.2022 жылы Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, А.Байтұрсынұлының қалдырған мол мұрасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған аудандық «Көркем сөз оқу шеберлері» байқауында ІІ- орынмен марапатталдым.

2023жылыТүркістан облысы білім басқармасы,аудандық пән олимпиадасында оқушым Арыстанбек Нұрсәнә жүлделі ІІІ орын иеленді.Қорыта келе «Ұстаз шәкіртке күн болып көрініп, нұр болып төгілуі керек»- демекші, жаңа ғасыр мұғалімінің бойында сергектік, байқағыштық, сезімталдық, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық, сабыр сақтау сияқты қасиеттер тоғыса келе , олар мейірімділік атты ұлы ұғыммен ұштасып жатса ғана біздің еңбегіміз өз мәресіне жетіп, «Ұлы ұстаз» деген ардақты атаудың шын иегері болатынымызға кәміл сенемін. 

Қатысты жаңалықтар

АЗАПТАУ өркениетті қоғамның қағидаттарына қайшы келеді

azatmedia

Карантин режимі қандай жағдайда күшейеді? – министр жауабы

azatmedia

ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАДАМДАРЫ ЖОЛДАУДА СӘЙКЕСТІК ТАПҚАН

azatmedia