Санатталмаған

КЕДЕНШІЛЕР РӘСІМДЕЛМЕГЕН 6 ТОННА ТАУАРДЫ ТӘРКІЛЕДІ

AzatMedia. Ағымдағы жылдың мамыр айында «Қапланбек» кеден бекетінде Өзбекстан Республикасынан Қазақстан аумағына кедендік рәсімдеуден өтпеген 6 тоннадан астам өнімді заңсыз алып өтпек болған бірнеше әрекеттің жолы кесілді. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді.

Қазақстан азаматтары мемлекеттік шекарадан өткен кезде жүк көліктерін бос деп көрсеткен. Алайда кедендік тексеру кезінде ведомство қызметкерлері автокөліктерден азық-түлік пен әртүрлі заттарды тапқан.

Онда 137 қорапқа қапталған 2710 келі құрт, 10 қапқа салынған 300 келі көк шай және 16 қап балалар мен әйелдер және ерлер киімдері болған. Бұл тауарлардың барлығы рәсімдеуден өтпеген.
Сондай-ақ, кейін ҚР азаматы Т.С. Өзбекстаннан Қазақстанға салмағы 2055 келі 137 қорап құрт пен 250 келі көк шай тәрізді рәсімделмеген тауарларды алып өтпек болған тағы бір әрекеті сәтсіз аяқталды.

Мамыр айының ортасында Қазақстан азаматтары көрші республикадан 608 келі кәуап таяқшаларын заңсыз алып шықпақ болған, оларды соя ақуызы түрінде алып өткен. Бұл тауар кедендік рәсімдеуден өтпеген, сондықтан шекарадан өту кезінде тәркіленген.
Сонымен қатар, тағы бір дерек, бос деп көрсетілген жүк көліктерінің бірінен МКД қызметкерлері 62,7 келі киім тапты. Бұл жүк те шекарадан заңсыз өту кезінде ұсталды. Шекара арқылы тауарларды заңсыз алып өту деректері бойынша кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік шекара арқылы тауарларды заңсыз алып өткені және ел экономикасының ұлттық қауіпсіздігіне зиян келтіргені үшін жауапкершілік бар екендігін ескертеді. Департамент азаматтар мен көлік жүргізушілерінен, шекара арқылы тауарларды алып өту кезінде ҚР, ЕАЭО заңдарының талаптарын орындауға шақырады.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру