Қоғам

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ: Ұстаз – ұлағатты ұлы тұлға

Ұстаз бейнесі шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаздан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаздың жүрегіндегі лаулаған жылулығы әр шәкірттің бойына нұр құятын киелі күш. «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» Мауленова Гулдана Султанбековна информатика мен физика пәні мұғалімі. Біліктілік санаты – педагог-сарапшы.Еңбек жолын 2006 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Көксәйек ауылындағы М.Х.Дулати атындағы орта мектебінде информатика пәнінің мұғалімі қызметінен бастаған. 2012 жылы М.Х.Дулати атындағы орта мектебінде аға тәлімгер қызметіне ауысып, 4 жыл жұмыс істеді. Қазіргі уақытта аталған мектепте физика және информатика пәндерінің мұғалімі, бастауыш кәсіподақ төрайымы болып жұмыс істеуде. 2019 жылы магистр дипломын алған.

Талмай еңбек етіп, шәкірттеріне терең білім, өнегелі тәрбие беріп, оқушы бойындағы талантты ашуда үлкен жетістіктерге жеткен маман. Ол өз пәнін жетік меңгерген, ізденімпаз,өзіне берілген жұмысты тиянақты орындай білетін жан-жақты мұғалім. Оқушылармен тез тіл табысып, тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына жиі еніп, өз білімін шыңдай түсірген, тәжірибеліұстаз. Сабақ барысында жаңа педагогикалық әдістерін пайдалана отырып, оқытудың жаңаша тәсілдерін жетік меңгерген. Ол сабақтарында оқушылардың танымдық қабілеттерін шыңдап, олардың дүниетанымын арттырған білікті ұстаз. Ашық сабақтары мен тәрбие сағаттары балалардың білімге деген құштарлығын арттырып, өз елінің елеулі орны бар азаматы болуға тәрбиелеген .Еңбегінің арқасында жақсы көрсеткіш көрсеткені үшін мектеп мадақтамаларымен, АББ-нің марапаттауларымен марапатталған; 2018 жылы «Ұстаз жаршысы», «Ұстаз тілегі» республикалық журналдарында мақаласы жариаланып, алғыс хатпен марапатталды.

2018 жылы оқушылар арасында өткізілген «Самұрық», «Ақбота» зияткерлік сайыстарында оқушылары жүлделі орындарды иеленгені үшін Дипломмен марапатталған;2018 жылы Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журнал, Астана қаласында мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген №16781-Ж «Қазақстан ұстазы» Алғыс хатымен марапатталған.

2019 жылы «Білген аламан» байқауына қатысып, Құрмет грамотасымен марапатталды.

2019 жылы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы-қимыл агенттігіТүркістан облысы бойынша департаментінің Алғыс хатымен марапатталған.2019 жылы Төлеби аданқық мәслихаттың грамотасымен марапатталған.2019 жылы Түркістан облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған. Тіркеу нөмірі №1542020 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму мадақтамамен марапатталған. Тіркеу нөмірі №2162020 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты ұйымдастырған2021 жылы «Python бағдарламалау тілінде паралельді есептеулер жүргізу» әдістемелік-көмекші құрал шығарған.

2021 жылы Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының Алғыс хатымен марапатталған. Тіркеу нөмірі №21252022 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының мадақтамасымен мараптталған. Тіркеу нөмірі №10912022 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының мадақтамасымен мараптталған. Тіркеу нөмірі №10912022 жылы Республикалық білім мен қорғау «Тіл, өнер мен білім» орталығының «Үздік педагог-2022» төсбелгісімен, 1-дәрежелі дипломмен, алғыс хатпен марапатталған.

2023 жылы оқушылар мен студенттерге, жас ғалымдар мен жас зерт теушілерге арналған ІХ халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда жоғары нәтиже көрсеткен жеңімпазды дайындағаны үшін Дипломмен марапатталды. Тіркеу нөмірі №4282023-2024 оқу жылындағы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысып, 10 сынып оқушысы Загребельников Артем І дәрежелі дипломмен марапатталды.

2024ж «IT ресурстарын қолданып дуалды оқыту жүйесін құру» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинарда озық іс-тәжірибемен бөліскені үшін Мадақтамамен марапатталды. Тіркеу нөмірі №1322Гулдана Сұлтанбековна ұжымда іскерлік қарым-қатынасы жақсы, ұйымдастырушылық қабілеті мол, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруден жалықпаған. Мұғалімдер мен ата-аналар арасында сыйлы, беделі жоғары ұлағатты ұстаз.  

Қатысты жаңалықтар

Әкім тойға тыйым салудың ерекше әдісін тапты

azatmedia

Несие шырғалаңы

azatmedia

Сарыағаш: Дербісек ауылдық округіндегі ауыз су мәселесі шешіліп келеді

azatmedia