Қоғам

«Қалың қалай бастауыш ұйым?» акциясы аясында кәсіподақ активімен кездесу өтті

«Қалың қалай бастауыш ұйым?» акциясы аясында, «Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлері кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев Түркістан облысы ветеринария басқармасының «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК-ның Жетісай аудандық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымында кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Сапарғали Шолданбаев Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен 2024 жыл «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялануына орай, бүгінде кәсіподақтар қызметінде әлеуметтік әріптестік негізінде әділ еңбек қатынастарын дамыту мәселелері маңызды бағыт екендігін және ұжымдық шарт кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік – экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау нысаны ретінде қызмет ететіндігін атап өтті.

Сондай-ақ мекемедегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында техникалық инспектордың құқықтары мен өкілеттіктері түсіндіріліп, аталған бағыттағы жұмыстар талқыланды.

Бұдан басқа, кәсіподақ мүшелері әлеуметтік-еңбек қатынастары аясындағы мәселелерді саралап, қатысты сұрақтарын қойып, оларға тұшымды жауаптарын алды.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ
АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ V СЕССИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТ: Қ.Әбдәлиев ауылдық округіндегінде 14 көше жөндеуден өтті

azatmedia

Азаматтық қорғаныс

azatmedia