Жаңалықтар

Төлеби аудандық Ақсақалдар кеңесінің ІІ тоқсандық отырысы өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Төлеби аудандық Ақсақалдар кеңесінің ІІ тоқсандық отырысы өтті.

Аталған кеңес отырысына Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Төлеби аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Бекмұрзаев және кеңес мүшелері, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиал басшысы Е.Айтжанов, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Б.Мақұлбек, Төлеби ауданының ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Е.Калибаев, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің кеңесшісі Г.Ерботаева, аудандық этномәдени бірлестіктерінің төраға орынбасарлары және жастар қатысты.

Күн тәртібінде «Этносаралық мәселелердің және құқық бұзушылықтың алдын алу» және «Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау» тақырыптары қаралды.Отырыста Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Төлеби аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сеит Бекмұрзаев этносаралық мәселелердің алдын алу бойынша баяндама жасап, алдағы жоспарларды пысықтады. Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Беглан Мақұлбек сөз сөйлесе, Төлеби ауданының ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Ерболат Калибаевтың кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау тақырыбында баяндамасы тыңдалды.

Жиын соңында Ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Бекмұрзаев этностар арасындағы татулықты сақтау үшін, этносаралық қақтығыстарға жол бермеуге шақырып, жиынға қатысушыларға, дендеріне саулық, еңбектеріне табыс тіледі.

Қатысты жаңалықтар

Жалқаулық жақсылыққа апармайды

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫМЕН 29 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІРНЕШЕ БАҒЫТ БОЙЫНША ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

azatmedia