Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП – САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің өңір тұрғындары арасындағы кездесулері мен фокус-топтық зерттеу жұмыстары жалғасуда.

Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалдының 2024 жылы бекіткен «Түркістан облысының этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі 2024 жылға арналған ведомствоаралық жоспарына» сәйкес, өңірдің этникалық топтар тығыз шоғырланған елді мекендерінде ақпараттық-түсіндіру және әлеуметтік зерттеу жұмыстарын іске асыру мақсатында мамыр айының 27-31 және маусым айының 03-19 күндері аудан, қалаларда кездесулер өткізу жоспарланған.

Бұл ретте, облыс тұрғындары арасында өтетін кездесулер «Ұлт болып ұйысуда бірлік пен ынтымақтың алатын орны?», «Зайырлылық және діндарлық. Діндар зайырлы болуы мүмкін бе?» тақырыптарында және «Этнос өкілдерінің қазақстандық қоғамға интеграциялануы» атты фокус-топтық зерттеу жұмыстарын қамтиды. Осы орайда, жоспарға сәйкес, Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылдық округінде кездесу өтті. Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімің басшысы Х.Исақов, Келес аудандық Дін істері басқармасы дін істері мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Т.Айбек, Жартытөбе ауылдық округінің әкімі А.Аширов, Жартытөбе ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары, Сарыағаш аудандық Ақсақалдар кеңесінің төраға орынбасары, аудандық Медиация кеңесінің мүшелері, аудандық ЭМБ-нің төрағалары мен белсенді мүшелері, дін саласы өкілдері, ауыл ақсақалдары, көше билері және белсенді тұлғалар қатысты.

Басқосу барысында жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ жиналған жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

Қатысты жаңалықтар

ТӨЛЕБИДЕ ЭТНОСАРАЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН БІРЛІКТІ САҚТАУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

azatmedia

КӘСІБІ БАРДЫҢ – ЖАН БАҒАР НӘСІБІ БАР

azatmedia

СЫНТАСТАҒЫ СЫНДАРЛЫ ЖҮЗДЕСУ

azatmedia