Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ӨҢІРДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен жиын өтті. Онда бірқатар саланың өзекті мәселелері талқыланды. Жастар, этносаралық қатынас, білім беру және өзге де салалардағы түйткілдер тарқатылды. Мәжіліске құқық қорғау органдарының өкілдері, жауапты басқарма басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

– Қоғамда әділдікті, еңбекті дәріптеу, жастарға қолдау көрсету маңызды. Өкінішке қарай, қазіргі кезде балаларды өтірік тіркеп, жалған мәлімет беріп жатқан балабақшалар анықталды. Жүргізілген мониторинг нәтижесі солай көрсетіп отыр. Бұдан бөлек, тексерілмеген, жалған ақпарат тарататындар бар. Ақпараттандыру саласындағы белсенділікті арттырған жөн. Жұмыс күші де жетіспейді бізде. Қазіргі уақытта 200-ден астам нысанда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соларға жұмыссыз азаматтарды тартыңыздар. «Жастар практикасы» бар, «Серпін» бағдарламасымен оқу, әскерге шақыру жұмыстары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіздер. Сондай-ақ NEET санатындағы жастарды колледжге оқыту мәселесі де өзекті. Биыл жаңа оқу жылына 15500 орынға мемлекеттік тапсырыс беріп отырмыз. Жастар грантта оқи алады. Осы бағытта да жұмысты қолға алыңыздар, – деген облыс әкімінің орынбасары нақты жұмыс жоспарын ұсынуды тапсырды.

Күн тәртібінде бірқатар мәселелер қаралды. Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев облыстағы қоғамдық-саяси ахуал мен этносаралық қақтығыстардың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Содан соң Арыс қаласы әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Ербол Орманов, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев аудан, қаладағы ахуалдар туралы атап өтті.

Жиын барысында түрлі ұсыныстар айтылып, сұрақтар қойылды. Мәселелер ортаға салынып, нақты шешімдер қабыланды. Қауіпті орындарға бақылау камерасын орнату және жазғы сауықтыру лагерлерінде оқушыларға экологиялық сауатты көтеру, қоршаған ортаны қорғау, тазалау жолдарын үйрету жұмыстарын ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Қатысты жаңалықтар

В ШЫМКЕНТЕ БОЛЬШУЮ АКТИВНОСТЬ НА ВЫБОРАХ ПРОЯВЛЯЮТ ПРЕДСТАВИТЕЛИ ЭТНОКУЛЬТУРНЫХ ОБЪЕЩИНЕНИЙ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТАҒЫ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ЖЫЛЫНА 250-300 ТОННА ЕТ ӨНДІРЕДІ

azatmedia

ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫН НЫҒАЙТУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia