Жаңалықтар

БАСТАУЫШ ҰЙЫМНЫҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫ ҚАРАЛДЫ

Партиялық қызметті жаңа мазмұнда, сайлаушылармен тікелей жұмыс істеу сипатында өрбіту міндеті айқындалғаны белгілі. «AMANAT» партиясы өз ішіндегі жұмыс сипаты мен тәсілдерін жаңарту арқылы, жергілікті жерлердегі азаматтардың нақты мәселелеріне тереңірек үңілуді бастады. Бұл өз кезегінде жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға ықпал етіп, жұртшылық арасындағы өзекті деген мәселелер бойынша қоғамдық талқылаулардың ашық өтуін қамтамасыз етуде.

Осы міндетті іске асыруда бастауыш ұйымдар мен мәслихаттардағы партиялық фракция депутаттарының өзара ықпалдастығын арттыру жұмыстары қолға алынды. Партия өз мақсат-міндеті аясына біріккен әрбір мүшесінің үнін маңызды деп біледі. Бастауыш партия ұйымдарының алаңы жаңа бастамалар көтеретін, тың ұсыныстар білдіретін, елдегі елеулі өзгерістерге жергілікті жұртшылықтың қосар үлесін екшейтін және жаңа буын қоғам белсенділерін елдік іске жұмылуын үйлестіретін, жаңа саяси мәдениеттің өріс алуын ұйымдастыратын мәністі мінбер рөлін атқарады.

Жуырда партияның Шардара аудандық филиалының жұмыс жоспарына сәйкес, «Алатау батыр» бастауыш партия ұйымының атқарып жатқан жұмыстары бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Бастауыш ұйымның төрағасы Нүркен Кеттебековтің есеп беру жиынына партияның аудандық филиалының төрағасы Ережеп Бекет, Шардара аудандық мәслихатының депутаттары, аудандық мәслихаттағы партиялық фракция өкілдері Болат Раймуханов пен Дархан Дүйсенов қатысты.

Айта кету керек, партияның Шардара аудандық филиалының қанаты астында барлығы 15 бастауыш партия ұйымы жұмыс жүргізеді. Осы ұйымдар арқылы партияның өз сайлаушыларымен байланысы түзілген. Бастауыш ұйымдардың алаңдарында аманаттық өкілдер партиялық жобаларды нақтылы іске асыру жолдарын белгілейді, жергілікті әлеуметтің өзекті деген мәселелерінің шешу жолдарын қарастырады, халықты ортақ мақсат аясына біріктіретін бастамалардың іске асырылуын үйлестіреді. Облыстық, аудандық мәслихаттардағы партиялық фракция депутаттары бастауыш ұйымарда қоңғамдық қабылдаулар өткізіп, азаматтар көтерген мәселелерінің нақтылы жүзеге асырылуына көмегін береді. 

Қатысты жаңалықтар

«AMANAT»: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫН ОЙ-ӨРІСТІ ШЫҢДАЙДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІРНЕШЕ БАҒЫТ БОЙЫНША ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

azatmedia

САПАЛЫ ӨМІР ТЫНЫСЫ – ҚОЛЖЕТІМДІ ДӘРІ

azatmedia