Жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАР ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА

Алдағы уақытта Арыста мектеп тапшылығы толығымен шешімін таппақ. Арыс қаласында демографиялық өсімді ескере келе, жаңа мектептер салу қарқынды жүргізіліп жатыр. Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қосмамбетов Ержан Төлебекұлы Арыс қаласындағы Жол картасы аясында салынып жатқан бірқатар құрылыс нысандарын аралап көрді, деп хабарлайды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Нысандардың құрылысын бақылау жұмыстарына «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков, қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық, қалалық мәслихат депутаты Алмас Шүкірбеков және филиал жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Еркін Сарбасов қатысты. Ержан Қосмамбетов алдымен «Отырар» тұрғын ауданында «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан білім беру нысанының құрылыс жұмыстарын бақылады.

Заманауи білім ордасының сыйымдылығы 600 орынға лайықталған. Үш қабаттан тұратын мектеп ең заманауи құрал-жабдықтармен, қажетті оқу кабинеттерімен, спорт залдарымен жабдықталамақ. Бастауыш және орта сыныптарда жеке асханалары, жуынатын бөлмелері де қамтылады. Құрылысы өткен жылы басталған мектеп күзде пайдалануға беріледі деп күтілуде. Халық қалаулысы мердігерлерге құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстауды, мерзімінде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, Ержан Төлебекұлы «Барыс» шағын ауданында жеке инвестор есебінен салынып жатқан тұрғын үйдің жұмысымен танысу үшін құрылыс алаңына барды. Үйлердің заманауи дизайнда, тұрғындарға қауіпсіз әрі қолайлы болуына аса мән берілуін атап өтті.

Бүгінде мұнда 60 пәтерлі екі көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. «Лидер-НС Строй» ЖШС салып жатқан бұл тұрғын үйдің алаңы 3348 ш.м. шаршы метрді құрайды. 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Қатысты жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІН СЕЗІНЕ БІЛГЕН ЖӨН»

azatmedia

Шымкентте 7 миллиард теңгеге жолайрық салынбақ

azatmedia

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

azatmedia