Санатталмаған

ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМДІК АЗЫҚ-ТҮЛІК ХАБЫНЫҢ БІРІНЕ АЙНАЛУ ӘЛЕУЕТІНЕ ИЕ — А. МАМИН

AzatMedia. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында көктемгі егіс жұмыстарын өткізу барысы қаралды.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов баяндама жасады.

2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алаңға егу жоспарланған. Бұл ретте дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар алаңы 15,2 млн га, оның ішінде бидай алаңы 11,4 млн га құрайды. Майлы дақылдардың болжамды алаңы 3 млн га, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп алаңы 471,7 мың га, азықтық дақылдар алаңы 3,7 млн га, техникалық дақылдар 132,5 мың га құрайды.

Ауыл шаруашылығы дақылдары республиканың барлық өңірлерінде егіліп жатыр. Қазіргі уақытта дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 9,6 млн га немесе жоспардың – 65%, майлы дақылдар – 2,3 млн га (76%), көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 400 мың га (85%), қант қызылшасы – 20,5 мың га (93%), мақта – 118 мың га (100%), көпжылдық шөптер – 352 мың га (100%) егілді. Оңтүстіктегі облыстарда, сондай-ақ Ақтөбе және Атырау облыстарында егіс жұмыстары аяқталуға таяп қалды. Биыл жақсы өнім алу үшін қолайлы ауа райы болады деп болжануда.

«Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы – FAO болжамы бойынша Қазақстан агроөнеркәсіптік кешен саласындағы әлеуеті жоғары АҚШ, Австралия, Бразилия және Аргентина мемлекеттерінің қатарында және әлемдік азық-түлік хабына айналуына нақты мүмкіндігі бар», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқынын ұлғайту аясында сапалы әрі қолжетімді шикізат базасын өсіру, өнімділікті жоғарылату, жоғары бөлініс өнімдерінің өндірісіне жедел көшу бойынша шараларды қабылдауды тапсырды.

Үкімет басшысы алға қойған міндеттердің орындалуына Түркістан облысын мысал ретінде келтірді, онда 4 жыл ішінде ауыл шаруашылығы өндірісін 3 есеге арттыру бойынша кешенді жоспар бар.

Мемлекеттік қолдау аясында заманауи суару технологияларын пайдалана отырып, ірі және орта ауыл шаруашылығы құрылымдарының суармалы учаскелерін кеңейтуге, егін көлемін ұлғайтуға ерекше назар аударылады. Бұл дайын өнім өндіретін келесі өндірістерді дамытуға мультипликативті әсер береді.

Премьер-Министр Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдіктермен бірге әр өңір бойынша ауыл шаруашылығы саласының ерекшелігін ескеріп, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың кешенді бағдарламасының жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia

ЖЫЛ БАСЫНАН ОРТАЛЫҚТА 800-ДЕН АСА ТҰРҒЫНҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

azatmedia

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЖАРТЫТӨБЕ АУЫЛЫНДА ЖАБЫҚ ҮЛГІДЕГІ КІШІ ФУТБОЛ АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

azatmedia

ОТЫРАР АУДАНЫНДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

azatmedia

ОТЫРАР: АҚКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

azatmedia

ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚАРСАҢЫНДА ЖАҢА АУЫЛ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА 33 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚАСБЕТІ ЖАҢАРТЫЛУДА

azatmedia

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫН ЕСКЕ АЛУ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

azatmedia

ТӨЛЕБИДЕ ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

azatmedia

Пікір қалдыру