Жаңалықтар

МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

«AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі ретінде елімізде әлеуметтік әділеттілік принципін орнықтыруға жәрдемші болып отырған ең ықпалды саяси ұйымдардың бірі. Бұл бағытта партияның саяси тұғырнамасында әрбір азаматтың лайықты медициналық көмекпен және ыңғайлы әлеуметтік ортамен қамтылуын үйлестіру міндеті белгіленген. «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылға дейінгі «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасында білім беру, денсаулық сақтау, медицина және халықты әлеуметтік қолдау саласындағы нақтылы индикаторлар белгіленіп, олардың іске асырылуы партия өкілдерінің тұрақты назарына алынған.

Осы ретте, облыстық мәслихат депутаты Н.Аширов, Қазығұрт аудандық мәслихат депутаттары М.Нұран, Ж.Сабитов Тұрбат елді мекеніндегі партияның сайлауалды бағдарламасының жол картасы аясында салынып жатқан 300 орындық мектептің құрылысына бақылау жүргізді, деп хабарлайды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Жаңадан бой көтеріп жатқан 300 орындық мектептің құрылысын 2024 жылдың тамыз-қараша айына мектептің құрылысын толығымен аяқтап тапсыру жоспарланған. Ғимараттың құрылысына жауапты «Direct Delivery» ЖШС мердігер мекемесінің жауапты мамандарының мәлімдеуінше, құрылыс нысаны қажетті материалдармен қамтылған. Одан бөлек, кездесу барысында халық қалаулылыары мердігермен және тапсырыс берушімен объектілерді салу процесінде туындайтын проблемалық мәселелерді талқылап, құрылыстың сапасына баса мән беруді тапсырды.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ САЙЛАУШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨШЕ ТАРАТЫЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

azatmedia

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 6 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

azatmedia