Жаңалықтар

ПАРТИЯНЫҢ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖАҢА АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаевтың төрағалығымен партияның Жетісай аудандық филиалында жұмыс жиыны өтті. Партия өкілдерінің мәжілісіне Жетісай аудандық мәслихатының төрағасы Медет Қасымов, Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Тұрышбек Елшібаев, облыстық және аудандық мәслихаттардың бірқатар депутаттары, аудан әкімдігінің дербес бөлім басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері және ауданның зиялы қауым өкілдері қатысты, деп хабарлайды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Мәжіліс барысында сөз алған Полат Мұратұлы алдымен жиынға қатысушыларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен құттықтап, дербес мемлекеттілігіміздің тұғыры болған нышандарға құрмет көрсету – азаматтық борышымыз екенін айтты. Партияның алға қойған мақсат-міндеттері жөнінде кеңінен баяндай отырып, жұмысымыздың жаңа бағыт-бағдарлары жөнінде мағлұмат берді.

Партияның аудандық филиалына жетекшілік етіп, бойындағы бар білім-білігімен, табанды еңбегімен әріптестері арасында сыйлы болған Әділхан Жолдасұлы Асауовқа партияластардың атынан алғысын білдірді. Тәжірибелі азаматтың Жетісай ауданының өркендеуіне қосқан үлесі де орасан екенін айтты. Аудандық мәслихаттың депутаты, партиялық фракцияның мүшесі ретінде «AMANAT» партиясы айқындаған міндеттерді іске асыруға, оның Сайлауалды бағдарламасында қамтылған басымдықтарды орындауға алдағы уақытта да салмақты үлесін қосады деген сенімін білдірді.

Партияның Орталық аппаратының келісімімен, өңірлік партия филиалының төрағасы Алтынсары Дүйсенбекұлы Үмбетәлиевтің бұйрығымен партияның Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы лауазымына Жетісай аудандық мәслихатының депутаты Асқар Нұртайұлы Қайназаров тағайындалды. Жиынға қатысқан азаматтар жаңадан тағайындалған партия филиалының атқарушы хатшысына алдағы жұмысына табыстар тілеп, партиялық жұмысты одан әрі ілгерілету бойынша ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Қатысты жаңалықтар

«ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІРЛІКТІ БЕКЕМДЕГЕН ІСТЕР КӨП»

azatmedia

Шымкент қаласы әкімінің прессегі ашуланса, «ұрып жібермей ме?»

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 224 ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia