Жаңалықтар

ҰЛТ САУЛЫҒЫ – ЕЛ БАЙЛЫҒЫ

Мемлекет басшысы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруды ең әуелгі міндет етіп белгіледі. Осы орайда, партиямыздың саяси тұғырнамасында денсаулық сақтау саласын жақсарту – ұлттың даму деңгейіне өлшем болатын маңызды индикаторлардың бірі болып бекітілген.

Халық саулығын сақтаудың тиімді жүйесін орнықтыруға жәрдемдесу, медицина ұйымдарындағы кезек күттірмейтін мәселелерді рет-ретімен оңтайлы шешуге ықпал ету – партиялық қызметтің басымдыққа ие бағыты болып табылады.

Партиямыздың Сайлауалды бағдарламасында, ондағы міндеттерді іске асырудың Жол картасында азаматтардың жоғары стандартты, сапалы медициналық ем қабылдауына мүмкіндік жасау, заманауи емханалар мен ауруханалардың құрылысын жүргізуді, ауылдық жерлерде амбулаториялық бекеттер мен фельдшерлік бөлімшелер салуды үйлестіру, оларды тиісті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге ықпал ету санатындағы маңызды міндеттер партиямыздың өңірлік филиалының тұрақты назарына алынған. Бұл бағытта партиялық құрылымдар Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракция депутаттарымен, Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасымен, жергілікті әкімдіктермен ықпалдастық байланыста жұмыстар жүргізіп келеді.

Алға қойған межелі міндеттердің іске асырылуын үйлестіруде партияның өңірлік филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы Түркістан облыстық мәслихатында құрылған уақытша депутаттық комиссияның өкілдерімен бірлесе облысымыздың оңтүстік аудандарындағы бірқатар медициналық ұйымдардың қызметін зерделеуді бастады. Түркістан облыстық мәслихатының бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, өкілді органның алдағы отырысында Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі тыңдалатын болады.

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Алмас Салимов бастаған депутаттық корпус өкілдері Шардара аудандық орталық ауруханасында болып, денсаулық сақтау ұйымының қазіргі ахуалына талдау жүргізді. Ұйымның кадрлық әлеуетімен танысып, медицина мамандарымен қамтылу көрсеткішін пайымдады. Медициналық құрал-жабдықтарымен қамтылу деңгейін көріп, олардың функционалдылығын зерделеді. Ем алып жатқан пациенттермен дидарласып, мемлекет тарапынан кепілдендірілген көлемде дәрі-дәрмекпен қамтылуы, медициналық қызметтің көрсетілуі бойынша бағалауларына құлақ түрді.

Депутаттар аурухана персоналымен жүздесіп, қызмет сапасын арттыру, медицина қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту жөніндегі ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Шардара ауданында денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі ахуалы талдап-таразыланған шағын жиында Алатау батыр ауылдық округіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету емханасы мен Достық елді мекеніндегі медициналық амбулаторияны күрделі жөндеуден өткізу мәселелері көтеріліп, облыстық денсаулық сақтау басқармасына осы мәселелерді шешу бойынша нақтылы жұмыстар жүргізу ұсынылды.

Депутаттық корпус өкілдері облыстың денсаулық сақтау жүйесінде кездесетін кез-келген күрмеуі қиын мәселелерді шешуге үлес қосатынын білдіріп, басты құндылығымыз – адам және оның өмірін сақтап қалуға аянып қалмайтындарын мәлімдеді.

Қатысты жаңалықтар

ШҰБАРСУДА «AMANAT» НАЗАРЫНДАҒЫ ШАРУА КӨП

azatmedia

«AMANAT»: ПІСТЕЛІДЕ ПАРАСАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТАҒЫ ШАРУАШЫЛЫҚ БИЫЛ 180 ТОННА КӨЛЕМІНДЕ БАЛЫҚ ӨНІМІН ШЫҒАРДЫ

azatmedia