Жаңалықтар

ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫНДА СУ, ЭЛЕКТР, ГАЗ ЖӘНЕ ЖЫЛУМЕН ҚАМТУ ЖАЙЫ ҚАРАЛДЫ

Арыс қаласындағы су, электр, газбен жабықтау және жылумен қамту нысандарының қазіргі жағдайы туралы Арыс қаласы әкімінің орынбасары Рысдәулет Айтбаев Арыс қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының отырысында баяндады, деп хабарлайды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі. Арыс қалалық мәслихатының депутаты, фракция жетекшісі Амантай Байтанаевтың төрағалығымен өткен мәжіліске «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков бастаған қалалық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері мен бірқатар жауапты мекеме басшылары қатысты.

Рысдәулет Пайланұлы баяндама барысында ауыз сумен қамту бойынша Арыс қаласына дейінгі тозығы жеткен магистральді су құбырын ауыстыру мақсатында 2 миллиардтан астам қаражат бөлініп, жаңадан магистральді су құбырының құрылысы жүргізіліп жатқанын атап өтті. Ол ағымдағы жылы қолданысқа берілмек. Сонымен қатар, Арыс қаласының 18 көшесіне жобалық сметалық құжаттамалар әзірленіп, бюджетке сұраныс ұсынылған. Ағымдағы жылы 4 су нысаны қолданысқа беріледі. Жобалар құны 900 млн. тегені құрайды. Арыс қаласы толығымен 100 пайызға электр желілерімен қамтылған. Дегенмен, бүгінгі таңда тозығы жеткен электр желілерін ауыстыру жұмыстары жалғасуда. 2022 жылы Тараз тұрғын ауданының, Дермене ауыл округының, Қаражантақ, Саналы елді мекендерінің құрылыстары аяқталып, қолданысқа берілген.

Бүгінгі таңда, Монтайтас ауылдық округінің Бақырша, Ақтас елді мекенінің электр желілерінің құрылысы жүргізілуде. Жоба құны 91,3 млн теңге. Шағыр елді мекенінің электр желілерінің құрылысы жүргізілуде. Жоба құны – 150,0 млн теңге. Аталған құрылыс нысандары ағымдағы жылы аяқталмақ.Жалпы, қаланы табиғи газбен қамту 3 кезеңге бөлінген. Бүгінгі таңда газбен қамтамасыз ету жұмыстары «Жібек Жолы-Келес Газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сенімгерлік басқаруға беріліп, жұмыстар жүргізілуде. Жоспар бойынша жыл аяғына дейін қала ішіне кезең-кезеңімен газ беру жүргізілетін болады. Мамыр айының соңына дейін жалпы есеппен 9849 абоненттің 2989 абоненті үздіксіз көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі. Қалған 6860 абонент қазан айының соңына дейін кезең-кезеңімен қосылатын болады. Бұдан бөлек, ауылдық елді мекендердің газ құбырларының құрылысы жалғасын табуда.

Жылумен қамтамасыз ету бойынша қаладағы орталық қазандықты жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 184,0 млн тенге бөлінген. 2023 жылы толығымен жөндеуден өткізіліп, жылу қазандықтары мен магистральді құбырлары ауыстырылды. Табиғи газға ауыстыру мақсатында, Орталық қазандық жанынан модульдік газ қазандықтарының құрылысы жүргізілуде. Құны 493,0 млн теңгені құрайды. Аяқталу мерзімі ағымдағы жыл. Көктем тұрғын ауданындағы жылу қазандықтарын дизель отынынан табиғи газ отынына ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатқандығы жөнінде кеңінен баяндады.Партиялық фракция жиынында тиісті жауапты салалық мекеме басшылары мен мамандары отырысқа қатысушы фракция мүшелері тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар берілді.

Фракция жетекшісі мен мүшелері тарапынан жиында қаралған мәселелердің барлығы партияның Сайлауалды бағдарламасында қамтылған өзекті міндеттер екенін атап өтіп, бұл аталған әрбір жәйт партияның тұрақты бақылауында болатынын жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒЫТЫНДА ҚОМАҚТЫ ҚОЛДАУ БАР

azatmedia

ПАРТИЯЛЫҚ ФРАКЦИЯДА АУҚЫМДЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ШАРУАЛАР ӘР ГЕКТАРДАН 90 ТОННА ӨНІМ АЛУДЫ КӨЗДЕП ОТЫР

azatmedia