Қоғам

КЕЛЕС: АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ ӨТТІ

Келес ауданында Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті. Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариевтің төрағалығымен өткен басқосуға Келес аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы мен белсенді мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенді мүшелері, Келес және Сарыағаш аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру және әскерден тыс қызметі мен аудандық Аналар кеңесінің төрайымы қатысты, деп жазады ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.Аудандық ақсақалдар кеңесінде аудан әкімінің орынбасары Даурен Нұрланұлы өңірдегі саяси тұрақтылық, түрлі ұлттардың достық қарым-қатынасын нығайту бағытында ұсыныстарын айтып, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенді мүшелеріне бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.— Келес өңірінде 10-нан аса ұлт тату тәтті, бір шаңырақ астында ғұмыр кешуде. Біз жастарды отансүйгіштікке, достық қарым-қатынасты нығайтуға, олардың бос уақытын тиімді өткізу үшін қолайлы орта қалыптастыру жолында бірлесе жұмыс атқаруымыз қажет. Туындаған мәселелерді бірге талқылап, оларды болдырмау мақсатындағы ұсыныстарыңызды толық тыңдауға дайынмын, – деді аудан әкімінің орынбасары.Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік, Жасампаздық, Өрлеу» атты XXXIII сессиясында айтылған тапсырмаларды талқыланып, Келес ауданында жүзеге асыру, Сарыағаш және Келес аудандарының біріктірілген әскери бөлімінің 2024 жылдың көктемгі әскерге шақыру жөніндегі Келес ауданы бойынша жоспардың орындалуы және аудандағы этностар тығыз шоғырланған Біртілек ауылдық округінің Шұқырсай, Көлтоған, Аққорған елді мекендерінің әлеуметтік жағдайы туралы мәселелер қаралды. 

Қатысты жаңалықтар

Табиғи газды тұрмыста және өндірісте пайдалану кезіндегі қауіпсіздік қағидалары

azatmedia

ӨЗАРА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: АССАМБЛЕЯ ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІ ЖАҢА ТУҒАН СӘБИЛЕРГЕ ДОМБЫРА СЫЙЛАДЫ

azatmedia