Жаңалықтар

КЕЛЕС: ЭТНОС ӨКІЛДЕРІНІҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін, Келес ауданында этнос өкілдерінің жұмыс барысымен танысу мақсатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Даулетұлының қатысуымен арнайы жиын өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Даурен Сариев жүргізіп отырды, деп жазады ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.Жиналыс барысында басты арқау болған тақырып ауданда этностар арасында орын алған проблемалық мәселелерді, этносаралық шиеленісті, кемсіту және қақтығыс фактілерін, этносаралық саладағы тоқсандық өзгерістер бойынша бітқатар мәселелер талқыланды. Жиында этномәдени бірлестік мүшелері сөз алып ауданға қарасты ауыл және ауылдық округтерде этнос өкілдері арасында жасалып жатқан жұмыстары сондай ақ акылдық өзекті деген проблемаларын ортаға салып өз ұсыныстарын жеткізді! Ізін ара аудан әкімінің орынбасары Даурен Сариев аудандағы этнос өкілдерінің татулығы мен бірлігінің арқасында тыңғылықты жұмыстар жасалып, еліміздің дамуы барсында экономикалық өсімділіктің тиімді жақтарын тілге тиек етті.Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Даулетұлы сөз алып этнос өкілдерінің жұмыс барысымен таныса отырып, өз сөзінде азаматтарымыздың экономикалық әлеуметтік әл ауқатын арттыру және татулығы мен бірлігін, қоғамның қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету басты қағидатымыздың бірі екендігін жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕГІ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ САЙЛАУШЫЛАР БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСЫП ЖАТЫР

azatmedia

АНАЛАР КЕҢЕСІ ҚОҒАМНЫҢ БЕС КЕСЕЛІМЕН КҮРЕСУДІ КӨЗДЕЙДІ

azatmedia

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТЫҢ ЖЕМІСІ

azatmedia