Жаңалықтар

КЕЛЕС: АССАМБЛЕЯ ЖАНЫНДАҒЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Келес ауданында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов модераторлық етті, деп жазады ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.Алқалы басқосуға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, сондай-ақ аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағалары мен мүшелері, «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облыстық өкілдігінің белсенді мүшелері қатысты.Жиында сөз алған Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов бүгінгі таңда Ассамблея еліміздің саяси өміріне әртүрлі қоғамдық, әлеуметтік саладағы ел азаматтарын тарту арқылы өзекті мәселелерді зерделеп, оның шешімін табуға зор үлес қосып келе жатқанын айтты.— Біз, қариялар, халықтың арасында жиі боламыз. Тұрғындардың талап-тілегін, ұсынысын тыңдаймыз. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сай, биыл жыл басында «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен мемлекеттік бағдарламаларды халыққа жан-жақты түсіндіру мақсатында өңіріміздің аудан, қалаларында кездесулер өткіздік. Әсіресе, «Серпін», «Еңбек», «Ауыл аманаты» бағдарламаларына халықтың ынта-ықыласы жоғары. Бұл орайда, Ақсақалдар кеңесі ақпараттық-насихаттық жұмыстарды одан әрі жандандырып, атсалыса бермек, — деді Созақбай Исаұлы.Отырыс барысында ақсақалдар тарапынан мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша сұрақтар қойылып, түрлі ұсыныстар айтылды. Бұл орайда, басқарма өкілдері туындаған мәселелерді бірлесе отырып шешуге дайын екендіктерін жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАР ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА

azatmedia

БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫ – ПАРТИЯНЫҢ ТІРЕГІ

azatmedia

ҚОҒАМДАҒЫ МАСЫЛДЫҚ ПСИХОЛОГИЯ НЕДЕН?

azatmedia