Жаңалықтар

САУРАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров аудан аумағындағы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасына қарасты имамдармен кездесіп, пікір алмасты, деп жазады ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі. Ауданның бас имамы Бауыржан Ақауов бүгінгі таңда аудан бойынша діни ахуал жайлы кеңінен баяндап өтті. Ауданында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасына қарасты – 37 мешіт, 16-намазхана жұмыс істейді. 37 мешітте 56 діни қызметкер жұмыс жасайды. Кездесуде ауданның бас имамы ауданға қарасты барлық мешіттер мен намазханалардың құжаттарын заңдастырылып жатқанын, мешіттерге бейне бақылау камераларын қою бағытында атқарылып жатқан жұмыстарын атап өтті.Аудан көлемінде дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша аудандық ақпараттық-түсіндірме жұмыс тобы жұмыс жасайды. Жергілікті ақпараттық-түсіндірме тобының мүшелері мен облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы, теолог мамандары жат діни ағымдардың қауіптілігі, тиым салынған діни экстремистік ұйымдар жөнінде мектептерде, арнаулы оқу орындарында, мекемелерде, елді мекен тұрғындары арасында жыл басынан бері 35 кездесу ұйымдастырылып, оған 1200-ден астам адам қамтылған.«Ел бірлігі – бәріміздің де басты мұратымыз. Ең бастысы, көп ұлтты Қазақстандағы ұлтаралық, дінаралық келісім мен татулық – халқымыздың әл-ауқатының жақсаруының, ел экономикасының өркендеуінің басты кепілі. Қай заманда болмасын сан қилы кезеңдерді бастан өткерген еліміз қиындықтарды бірлесіп жеңіп отырған. Бірін бірі сабыр сақтауға шақырып, «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деп ынтымақ бірлігін бекіте түскен. Демек тындырымды тірліктің, дамудың да, бейбітшіліктің де бастауы бірлік екені сөзсіз», – деді аудан әкімі.Аудан әкімі имамдарға мешітке келетін жамағатқа, түрлі деңгейдегі астарда елді бірлікке, ынтымаққа шақыруда жүйелі жұмыс жүргізу керектігін атап өтті. Осы орайда, дін өкілдерінің қоғам алдындағы міндеттері, жамағатты жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтарып, қоғамдық істерде белсенділік таныту керектігі айтылды. Кездесу соңында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров дін өкілдері тарапынан айтылған барлық ұсыныстарына қолдау көрсететінін жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

Шардарада 80 отбасы баспаналы болады

azatmedia

САУРАН: КЕЗЕКТІ ҚАБЫЛДАУ ҚҰМТҮЙІН АУЫЛЫНДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ШАРУАЛАР ӘР ГЕКТАРДАН 90 ТОННА ӨНІМ АЛУДЫ КӨЗДЕП ОТЫР

azatmedia