Жаңалықтар

САУРАН АУДАНЫ ӘКІМІ ШОРНАҚТА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров «AMANAT» партиясының аудандық филиалында жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауға келген ауыл тұрғындары түрлі жеке мәселелерін жеткізді. Қабылдауға дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімі, тиісті сала басшылары қатысты.Жеке қабылдауда ауыл тұрғындары тарапынан жер құжаттарын рәсімдеу, Ескі Иқан ауылдық округіндегі жер мәселесі, Қосмезгіл елді мекеніндегі тұрғын үйлердің құжаттарын заңдастыру, аудан орталығындағы түнгі жарықтандыру шамдарының күйіп кетуіне байланысты мерзімінде ауыстырып отыруды, тұрақты жұмысқа орналастыру мәселелерін айтты.Сонымен қатар, Шорнақ ауылдық округіне табиғи газ қашан келетінін, ауданның орталық көшелері тазаланып, шет көшелер қалып кететінін, Ә.Молдағұлова көшесіне түнгі жарықтандыру аяғына дейін жүрмегенін, электр жарығының нашарлығын алға тартып, трансформатор орнату, Қосмезгіл елді мекеніне интернет сапасының нашарлығын, жол бойына автокөлік жүруге кедергілер орнатылса деген мәселелерін жеткізді.Бұдан бөлек, учаскелік полиция өкілдеріне қызметтік көлік берілсе, түнгі уақытта жедел шақырылым жасалса, көліктерінің жоқ екенін, Шаға ауылдық округіндегі жер мәселесі, Жібек жолы ауылдық округіне жеке кәсіпкер спорт комплексін салып жатқанын, алайда бөлім тарапынан қаржылай көмек беруді сұранды.Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жеке қабылдауға келген ауыл тұрғындарының көтерген мәселелерін мұқият тыңдап, тиісті шешім қабылдап, заң шеңберінде орындалуына ықпал ететінін жеткізді. 

Қатысты жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ: ИДЕОЛОГИЯ – ҰЛТТЫҢ ҰСТЫНЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ ҚАЗАҚТЫҢ ЭПОСТЫҚ ЖЫРЛАРЫН ЖАТҚА АЙТУДАН ЖАРЫСҚА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА КӨПҚАБАТТЫ ЕСКІ ҮЙЛЕР ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР

azatmedia