Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: Мемлекеттік органдар мен оқу орындары алаңдарынан мемлекеттік қызметтерді алуға болады

AzatMedia.kz. Шымкенттегі мемлекеттік органдар мен оқу орындарыны ғимараттарында egov.kz электрондық үкімет порталының бұрыштары пайда болды.

Енді тұрғындар қаладағы 315 өзіне-өзі қызмет көрсету аймағынан электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады.

Әр сектор қажетті құралдармен жабдықталған, келушілер электрондық үкімет порталы мен басқа да мемлекеттік ресурстарға кіре алады. Мекенжайыңызға жақын орналасқан секторларды 2gis бағдарламасы арқылы табуға болады.

Бұл қызмет түрі «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент филиалының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласындағы Департаменті өкілдерінің және 2gis мамандарының бірлескен жұмысының арқасында жүзеге асты.
Елімізде ТЖ тәртібі алынып тасталғалы ХҚО-да қызмет көрсету тәртібі өзгерді.
Бүгінгі таңда Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан электрондық форматта қолжетімсіз «қағаз» қызметтерді және egov.kz порталында алдын ала рәсімделген дайын құжаттарды ғана алуға болады.

Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің 80%-дан астамын электронды форматта алуға болады.Олардың барлығы egov.kz порталында қолжетімді.

Енді азаматтар мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ немесе ХҚО ғимараттарынан өзге әкімдіктер жанындағы фронт – кеңселерде, оқу орындарында және медициналық ұйымдарда орналасатын өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында өз бетінше алуға болады», – деді Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ филиалының директоры Данабек Исабеков.

Электрондық үкімет бұрыштарында ЭЦҚ немесе бір реттік парольді қолдана отырып, әртүрлі электронды анықтамаларды алуға, некені тіркеу үшін өтініш беруге, баланы балабақша кезегіне қоюға, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өтуге, автокөлікті тіркеп, жүргізуші куәлігін ауыстыруға, мемлекеттік бажды төлеуге және т.б. қызметтерді алуға болады.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру