Соңғы жаңалықтар

Абай болыңыз! Өрт қауіпті кезең!

Табиғат – адамзатпен біртұтас дүние. Ол біздің өмірімізде аса маңызды орынға ие, оның біздің көңіл-күйімізге, денсаулығымызға, атқарып жатқан жұмысымызға әсері зор.

Өрт – аса қатерлі тілсіз жау. Қай кезде де бұл құбылысқа бейқам қарауға болмайды. Өрт, су сынды айтып келмейтін апаттардан алдын ала сақтану, оған тас түйін дайын болу – күн тәртібіндегі маңызды мәселенің бірі. Осындай қамсыздықтың салдарынан елімізде орны толмас қайғылы оқиға орын алды. Абай облысындағы орман өрті кезінде табиғатқа, қоршаған ортаға, ел экономикасына келтірілген залал, шығын өз алдына, адам өліміне жол берілді. Өртпен күрес кезінде 14 адам тілсіз жаудың құрбаны болды.

Жаз маусымы басталысымен, күн­нің күрт ысуына байланысты та­биғи өрттің орын алу қаупі жиі­леді. Биылғы маусым аңқа кептір­ген аптап ыстықпен басталды. Елі­міздің көптеген аумағында дерлік әлі күнге күн күркіреген жоқ, осы мез­гілге тән қалыпты жауын-шашын да жаумай тұр. Осындай аптап ыс­т­ық пен қуаңшылық кезеңінде дала төсіндегі, ормандардағы өрт қауіп­сіздігі ережелерін сақтаудың маңы­зы өте зор. Өрттің басым көп­шілігі шөп, көк мол шабындық, жайы­лым жерлерге, орман алаптарына көршілес орналасқан шаруа қожалықтары және ауыл шаруа­шылығы ұйымдарына тиесілі ша­бындықтарда жүріп жатқан жұ­мыстар кезінде техникалардан шық­қан ұшқын, далада от тұтату, түрлі қалдықтарды жағу салдарынан бас­талады. Сондай-ақ табиғат аясында демалушылар мен тұрғындардың өрт қауіпсіздігін сақтамауы да ор­ны толмас қайғылы оқиғаларға алып келіп жатады. Адамдардың алаң­ғасарлығы, немқұрайдылығы, мәде­ниетсіздігі – ойланбай тасталған те­мекі тұқылы, сөнбей қалған от – осы­­ның барлығы табиғи өрттердің шы­­ғуы­ның негізгі себептері болып келеді.

Күн күйіп, үстіне ыстық жел ұрып тұрғанда өрттің өршитіні бесенеден белгілі. Онсыз да сусап, қаңсып тұрған ағаш, шөп, өсімдіктің әп сәтте тұтануына далада жатқан шыны, сынық әйнектердің қызуы, жол бойында автокөліктерден жауапсыз лақтырылған өшірілмеген темекі тұқылдары, найзағай, шөп ору жұмыстарына қатыстырылатын тракторлар мен агрегаттардың жа­рам­ды шоқ өшіргішпен жабдық­талмауы себеп болып жатады.

Өрт апатының артында адам тағдыры тұр. Қас-қағым сәтте қа­­лың орманның өзін күлге айналдырып жіберуге бар өрттің «құдіретін» міне, көріп отырмыз. Қаншама жан мезгілсіз қаза болды, қаншама жас қыршынынан қиылды, қаншама отбасы азаматынан, асыраушысынан айрылды?! Ең өкініштісі, осындай төтенше жағдайға тағы да жеткілікті дәре­жеде дайын болмағанымыз. Өрт сөндірушілер қызыл жалынмен қан­шалықты арпалысқандарымен, оны жылдам, барынша шығынсыз ауыздықтауға күштері жетпеді. Бұл бағыттағы жұмыстардың кәсіп­тік деңгейде, оралымды ұйымдас­тырыл­майтындығы, жүйесіз жүргі­зілетіні анық байқалды.

Төтенше жағдайлар, оның ішінде өрт сөндіру қызметі соңғы жылдары материалдық-техникалық тұрғыда қатты дамыды, озық үлгілі құрал-жабдықтармен, қондырғылармен көптеп жарақтандырылды. Кез келген тосын жағдайларға сақадай-сай дайын. Оның есесіне, соңғы жылда­ры түрлі өрт жағдайы жиі болып, соның салдарынан адамдық, ма­те­риал­дық шығындар орын алу­­­да. Оның түрлі себептері бар. Ең бас­тылары – елімізде қазірде адам саны, мал басы, автокөлік түр­лері есе­леп артты. Сан алуан ірі кәсіп­орын­дар, кен орындары пайда болды. Айнала – қайнаған тірлік, қызу еңбек. Барлық аумақтарда құрылыс жұ­мыс­тары қарқынды жүргізілуде. Құры­лыс ғимараттары, адамдар көп шоғыр­ланатын орындар көптеп салынуда.

Міне, осындай қоғам өмірі күрт дамып жатқан жағдайда, оның үс­­тіне климаттың өзгеруіне бай­ла­ныс­ты өрт оқиғалары көп тірке­луде. Әдетте, өртті ескерту, өрт қауіп­­­сіздігі ережелерін сақтамау, ұқып­­­сыздық салдарынан өрт шыға­ды. Өрттің алдын алу, сөндіру ке­зін­­­­дегі барлық келеңсіздіктерге тек төтен­ше жағдайлар қызметін кінә­лай беруге болмайды. Бұл жерде тө­­тенше жағдайлар қызметімен қатар ішкі істер департаменті, газ, су, электр мамандары, барша бұқара жұмылдырылуға тиіс. Сон­да ғана өрттің зиян, шығындары азая­ды. Былтыр осындай оқиға Қос­­танай облысында болғаны бел­­гі­­лі. Содан дұрыс қорытынды шы­ғар­­мағанымыз өкінішті. Алдағы уақытта қауіпсіздік, алдын алу ша­ра­­­ларын барынша күшейту керек. Өрт қауіпті аймақтарды аралап, барлап отыру үшін, сондай-ақ өрт сөндіруге пайдалану үшін осы мақсатқа арналған тікұшақтар са­нын арттырса жөн болар еді. Ел­дің орман-дала аймағындағы өрт қауіптілігіне әдетте табиғи кли­маттық жағдайлар мен халықтың өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуы үлкен әсер етеді, осы орайда өрттің алдын алу және оны сөндіру бо­йынша уақтылы шараларды бірлесіп қабылдау керек.

Өрт – тілсіз апат. Айтып кел­мейді, оның қай уақытта орын алатынын ешкім де болжап біле алмай­ды. Онымен күресудің ең дұрыс жолы – өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау. Олардың негізгілері мыналар: жазғы маусымда құрғақ, ыстық және желдi ауа райында ауылдық елдi мекендерде, саяжайда, бақшалық учаскелерде от жағуға, өрт қауіпті жұмыстарды жүргiзуге жол берiлмегені жөн; елді мекендер мен ұйымдардың аумақтары, ашық қоймалар мен құрылыстардың, ғи­ма­раттардың өртке қарсы қашық­тығы сақталуға тиіс, сондай-ақ тұр­­ғын үйге, саяжайға және басқа да құ­ры­лыстарға жақын учаскелер жа­нар­май қалдықтарынан, қоқыстан, құрғақ шөптерден, жапырақ­тардан дер кезінде тазартылып тұруы қа­жет, темекі тұқылын және жанып жат­қан отты мұқият өшіру керек, т.с.с.

Өрттің шығу себебін анықтау емес, қызыл жалынмен күресетін құтқарушылардың қызметін бағам­дау біраз жайдың басын ашып бергендей. Біздің өрт сөндіруші­лердің тілсіз жауды ауыздықтауға сон­шалықты дайын еместігі, ұзақ уақыт жұмсайтындығы алаңдата­ды. Мұндай салғырттықпен, жайбасар­лықпен, жүйесіздікпен өрттен келетін шығынның көлемі арта түспесе, кемімейтіні сөзсіз.

Жалпы өртке қатысты статисти­калық деректер көңіл көншітерліктей емес. Ал өрт – адамның өмірі мен денсаулығына, қоғамға залалын тигізетін, қоршаған ортаға ауқымды материалдық зиян келтіретін орасан апат. Өрт жылдың төрт мезгілінде де бола беруі мүмкін. Сондықтан Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент пен өрт сөндірушілердің жауапкершілігі мол болуы, кәсіптік шеберліктерін ұдайы шыңдап отыруы міндет. Оған қоса, тұрғындар да өртке қарсы қауіпсіздік шараларын білгені, сақтағаны жөн.

Сексеуіл ормандарындағы өрттердің нәтижесінде олардың құм көшкінін ұстау қабілеті төмендейді. Мұндай өрттер үлкен көлемдерге таралып, орман — дала өрттеріне өтеді, сонымен қатар оларды өшіру үшін өртке қарсы қызметі күші мен құралдарының негізгі бөлігі бөлінеді де, нәтижесінде елді мекендер өртке қарсы қорғаусыз қалып, ауылшаруашылығы алқаптарына қауіп төнеді. Осылайша, табиғи өрттер үлкен материалдық шығындарға алып келеді.
Қазіргі уақытта орман алқаптарын қорғау және қалпына келтірудің көптеген маңызды мәселелерінің бірі орман өрттерімен күресу және дала мен орман алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Орман және дала өрттері әртүрлі себептерден орын алады. Мұндай өрттердің 80% тұрғындардың еңбек және демалыс орындарында отты, сонымен қатар ауылшаруашылығы техникасын абайсыз пайдалану себептерінен болады. Табиғи өрттердің жиі кездесетін келеңсіз метеорологиялық жағдайлардың (жоғары ауа температурасы, ұзақ уақыт жауынның болмауы) нәтижесінде де орын алады. Өрттер көбінесе табиғи нысандардың жағдайын берік бақылау қызметінің жеткіліксіздігі мен тиісті органдарды өрттің жеке ошақтарының пайда болуы туралы уақытылы хабарламауы, сонымен қатар жағдайды объективті бағаламау және т.б. нәтижесінде орын алады. Мұның бәрі өрттердің жеке ошақтарының үлкен апаттық жағдайды тудыратын жаппай өртке ұласуына әкеліп соғады. Орман және дала өрттерінен келген материалдық шығын миллиондаған теңгені құрайды.
Мемлекеттік орман қорларының жерлері мен дала алқаптары құмды және таулы аймақтардың үлкен көлемдерін алып жатқанын, ал өртке қарсы қызмет бөлімдері аталған жерлерден үлкен арақашықтықтарда орналасқанын атап өту керек.
Қандайда бір орын алып отырған дала өрттерімен күресудің ауыр жағдайына байланысты ауылдық елді мекендер мен ауылшаруашылығы нысандарындағы ерікті өрт сөндіру жасақтарына үлкен үміт артылады, себебі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өртке қарсы қызмет органдары елді мекендер мен мемлекет меншігендегі аса маңызды нысандарды өрттен қорғауды қамтамасыз етеді.
Бірақ, өртке қарсы жасақтардың жауынгерлік дайындығын тексеру және өткен кезеңдегі Түркістан аумағында болған табиғи өрттерді талдау ауылдық аймақтарда құрылған өртке қарсы жасақтардың ірі табиғи өрттерді өшіруге тек жартылай ғана дайын екендігін, яғни ЕӨСЖ құру және дұрыс қызмет ету механизмі жасалмағанын және олар көбінесе тек қағаз жүзінде құрылғанын көрсетті.
Орман мен дала өрттерінің туындауына кінәлі көбіне адам болып табылады-оның демалыс және еңбек орнында отты пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлы қарағанынан. Көбінесе өрттің пайда болуы табиғатта демалыс орындарында, жеміс-жидек жинау кезінде, аңшылық кезінде сөндірілмеген сіріңке, темекі және қараусыз қалған тағам жасау кезінде немесе жылыну мақсатында пайдаланған алаулардан, аңшылық кезінде атылған оқ-дәрінің шоғынан қураған шөптер тұтанып өрт туындайды. Табиғатта демалыс орындарында сынған шыны әйнектердің қалдықтарын жиі кездестіріп жатамыз. Жаздың ыстық күндерінде осы сынған шыны әйнектер күннің сәулесін линза ретінде күшейтіп қураған шөптің тұтануына ықпал етеді. Аталған өрттердің әсерінен мемлекетімізге үлкен шығын келтіріп, кейде адам өлімімен қайғылы оқиғаларға алып келеді. Осыған байланысты, Төтенше жағдайлар департаменті облыстың барлық тұрғындарына тау, дала және орманды жерлерде демалғанда, сонымен қатар ауылшаруашылығы жұмыстарын жүргізу кезінде өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын қатаң сақтау қажет екендігін ескертеді.
Табиғи өрттің алды-алу және материалдық зардап шекпеу мақсатында келесі маңызды ережелерді естеріңізге саламыз.
— ғимараттарға, құрылыстарға және жанғыш заттар мен материалдарды ашық сақтау орындарына 50 м жақын жерде алау жағуға, қалдықтар мен ыдыстарды өртеуге рұқсат берілмейді. Қалдықтар мен ыдыстарды өртеу осы мақсатқа арнайы бөлінген орындарда қызмет көрсетуші персоналдың бақылауымен жүргізіледі.
— желді күндері қоқыс қалдықтарын жақпаңыздар, жаққан алаудың толық сөнгеніне көзіңізді жеткізіңіз.
— елді мекендер мен ұйымдардың аумақтары, ашық қоймалар мен құрылыстардың, ғимараттардың өртке қарсы қашықтығы, сондай-ақ тұрғын үйге, саяжайға және басқа да құрылыстарға жақын учаскелер жанармай қалдықтарынан, қоқыстан, құрғақ шөптерден, жапырақтардан дер кезінде тазартылып тұруы қажет.
— ормандарда, орманды алқаптар мен далаларда орналасқан жазғы балалар сауықтыру лагерлерінің аумақтары кемінде ені 3 метр болатын минералдандырылған қорғаныс жолағымен қамтамасыз етілуге тиіс.
— өрт пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ержелерін сақтау мақсатында жасөспірімдер мен балалар арасында әңгіме жүргізіңіз.
— автокөлік жүргізушілері облыс аумағындағы жолдарда қатынау кезінде көлік ішінде темекі шегіп темекі тұқылын тастау кезінде толық сөнгеніне көз жеткізуге міндетті.
Естеріңізде болсын! Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаған кінәлі тұлғалар жасаған құқық бұзушылығының ауырлығына сай Қазақстан Респуликасының заңнамаларына сәйкес дисциплинарлық, әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылады. Орман – бұл көптеген ұрпақтардың меншігіндегі ұлттық қазына, сондықтан біз оның сақталуын қамтамасыз етуге тиіспіз!

Қатысты жаңалықтар

Дәмханаға барған астаналық 90 мың теңгеге жуық айыппұл төледі

azatmedia

УВЕЛИЧИВАЕТСЯ КОЛИЧЕСТВО ГРАЖДАН ОПЛАЧИВАЮЩИХ АРЕНДНОЕ ЖИЛЬЕ ЧЕРЕЗ МОБИЛЬНОЕ ПРИЛОЖЕНИЕ

azatmedia

В ИЮЛЕ ПРОВЕДУТ МОДЕРНИЗАЦИЮ 3 БИБЛИОТЕК

azatmedia