Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ ҚАЛАҒА 1500-ГЕ ЖУЫҚ ҚОҚЫС ЖӘШІГІ АЛЫНАДЫ

AzatMedia. Шымкентте жеке тұрғын үйлер аумағына қоқыс тастайтын жаңа металл жәшіктер орнатылатын болады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату үшін және қоршаған ортаның экологиялық тазалығын арттыру мақсатында осы жылы 1474 контейнер сатып алынбақ. Бұл туралы қала әкімінің төрағалығымен өткен жиында энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м.а Нұрлан Жаманкөз мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, қала аумағында қоқыс тастайтын 488 қоқыс алаңшасы, 2039 қоқыс контейнері бар. Бүгінде олардың көбінің тозығы жеткен. Сол себепті, қоқыс салатын контейнерлерді мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңарту көзделіп отыр екен.
Жаңа қоқыс контейнерлері басқа контейнерлерге қарағанда ыңғайлы. Арнайы қақпақтары жеңіл қалдықтардың ұшып кетуінен, шашылуынан қорғайды және жағымсыз иісі шықпайды.
Қатты тұрмыстық қалдықты игеру, кәдеге жарату және қайта өңдеу бағытындағы жұмыстарды кезең-кезеңімен жүзеге асыруды айтқан қала басшысы М.Әйтенов ең алдымен үй қалдықтарын сұрыптап, эко-контейнерлерге жинау қажеттігін айтты.

Осы орайда, Grееn line компаниясының өкілі қала басшысына эко-контейнердің бір нұсқасын ұсынып, қоқысты өңдеудің өзіндік жүйесін көрсетті. Мұнан бөлек, бұл салада бірнеше жылдан бері қызмет етіп кележатқан «ОрионНовТех» компаниясының да ұсынысын талқылады.

Жиын барысында Мұрат Дүйсенбекұлы қаладағы қоқыс жинау жүйесіне, әсіресе жер үйлердің көше бойына қалдықтарын шығарып тастайтынына көңілі толмайтынын жеткізді. Сондықтан, қоқыс жинаудың жаңа алгоритмін жасауды тапсырды.

Сондай-ақ, әкім түрлі контейнерлер қойып, бизнесті мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы қайта өңдеумен айналысуға ынталандыру керек екенін айтып өтті.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру