Ақпарат

ТҮРКІСТАННАН СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС ҮШІН АТЫРАУҒА 160 ТЕХНИКА ЖІБЕРІЛДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су басқан аймақтарға жан-жақты қолдау көрсету, техника, жұмыс күшін жіберу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта Түркістан өңірінде ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жауапты басқармалар керекті техникаларды үйлестіріп, Атырау облысына 160-қа жуық техника жолданды.Аталған техникалар Дарбаза, Түркістан, Манкент, Арыс станцияларында вагондарға (платформа) тиеліп, Атырау станциясына «ҚТЖ» ҰК-ның белгіленген кестеге сәйкес жеткізіліп жатыр. Техникаларды арту жұмыстары 11 сәуірде жүргізілді.

119 техниканы облыстағы құрылыс компаниялары, «Тұран су» мекемесі ұсынды. Кәсіпкерлер осы әрекеті арқылы Атырау халқына қолдау көрсетті. Сонымен бірге «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы, «Қазавтожол» мекемесі атынан да ауыр көліктер жіберілді. Арнайы жүк артқыш және жүк тасымалдайтын, жер қазатын көліктер және өзге де техникалар су шайған аумақтарды тазалауға және бөгеттер салуға қолданылмақ.

Айта кетейік, Түркістан облысынан су басқан өңірлерге 600 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберілді. Ел жанашырлықпен үлес қосуда. Сондай-ақ 150-ден астам кәсіби құтқарушы мен төтенше жағдай қызметкерлері апат аймағында жұмыс істеп жатыр. 

Қатысты жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК КАДР РЕЗЕРВІНІҢ ӨКІЛІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

azatmedia

БІТІМГЕРЛІК КҮНІ АУДАН, ҚАЛАЛАРДА АТАЛЫП ӨТТІ

azatmedia

Су тасқыны бойынша ахуалға қатысты мәлімдеме

azatmedia