Ақпарат

СУ ТАСҚЫНЫ САЛДАРЫ БОЙЫНША ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖИНАУ ШТАБЫ АШЫЛДЫ

Түркістан облысында, табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлер мен облыс тұрғындары Түркістан облысы “Жастар ресурстық орталығы” ғимаратында арнайы штаб ашылғанын хабарлаймыз!
Сонымен қатар, жанашыр азаматтар тарапынан көрсетілетін қайырымдылық көмекті аталған өңірге жөнелту шаралары ұйымдастырылады. Түркістан облысының қоғам белсенділері мен волонтерлер тобы құрылып, жұмысты бастап кетті.
Қабылдау пунктінде жолға жарамды әрі қажетті азық-түлік өнімдері, гигиеналық заттар, киім-кешек, төсек бұйымдары жинақталады. Түркістандықтарды белсенді атсалысуға шақырамыз!
Күшіміз бірлікте!
Қазіргі таңда, өңірімізден 5 белсенді жасы апатты аймақтарға жолға шығып көмек көрсету жұмыстарына қатысып, зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетуге жолға шықты.
Гуманитарлық көмек жинау орны: Түркістан қаласы, Байбұрт 5 мекенжайы
Қабылдау уақыты: 09:00-19:00-ге дейін
Маңызды: әрбір зат сұрыпталып, арнайы жәшікке салынуы тиіс. Қолданылған, ескі заттарды беруге тыйым салынады.

Қатысты жаңалықтар

«Жын кіріп кеткен»: ер адам анасының басын шауып тастады (ФОТО)

azatmedia

23,2 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

azatmedia

ҚАҢҒЫБАС ИТ ПЕН МЫСЫҚТЫ КАСТРАЦИЯЛАУ ОЛАРДАН ТӨНЕТІН ҚАУІПТІ АЗАЙТАДЫ

azatmedia