Қоғам

МАСЫЛДЫҚ – ӘЛЕУМЕТТІК КЕСЕЛ

Қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі – патерналистік көңіл-күй мен әлеуметтік масылдықты төмендету. Өйткені  еңбекке қабілетті жастардың басым бөлігі жеңіл жолмен табыс тауып, бақуатты тұрғысы келеді. Оқу орындарын бітіріп, мамандығы бойынша жұмыс жасауға құлқы бармайды. Себебі алатын жалақысының төмендігін сылтау етіп, жеңіл жолмен табыс табуға ұмтылады.

Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: “Қазақтың ренессанс дәуірі, яғни түбегейлі өзгерістер заманы келеді. Біз, аға буын өкілдері, еңбекқорлық, іскерлік сияқты құндылықтарды өзіміз үлгі етіп көрсету арқылы дәріптеуіміз керек. Жастарымыз көп сөзге құмар, жағымпаз, жалқау, енжар, масыл болмауға тиіс. Оларды осындай теріс әдеттерден қашық болуға үйретуіміз керек” деген болатын.

Елімізде жұмыссыздардың түрлі кәсіп игеруіне барынша жағдайлар жасалуда. Қазіргі таңда қарапайым мамандықтарға сұраныс артуда. Осыған қарамастан жұмыс істегісі келмейтін жатыпішер, әке-шешесінің зейнетақысына немесе әйелінің табысына ортақтасатындармен сындарлы жұмыстар жүргізілуі тиіс деп санаймын.

Жастар – алып күш, болашақтың иесі. Олай болса, өсіп келе жатқан ұл-қыздарымыздың бойына еңбексүйгіштік пен еңбек адамдарына құрметті қалыптастыруға бар күш-жігерімізді салайық дегім келеді.

Қатысты жаңалықтар

«Масқара!» – Қарақат Әбілдинаның желдегі жазбасы жұртты шошытты

azatmedia

САНАҒА СІЛКІНІС, ЖҮРЕККЕ ҚҰЛШЫНЫС ҚАЖЕТ

azatmedia

Отбасылық өмірдің құндылықтары қандай?

azatmedia