Санатталмаған

Шардарада көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді

Еліміздің демографиялық өсіміне үлес қосып жүрген бір топ көпбалалы аналар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Күміс алқамен» марапатталды. Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы апта басында осынау аналарды арнайы қабылдап, марапаттарымен құттықтады.
–Сіздер еліміздегі халық санының артуына айрықша үлестеріңізді қосудасыздар. Сондықтан да сіздер Қасым-Жомарт Кемелұлының Жарлығымен «Күміс алқамен» марапатталып отырсыздар. Қазіргі таңда көпбалалы аналарға мемлекет тарапынан көптеген қамқорлықтар жасалынып жатыр. Сонымен бірге, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес «Қамқорлық» бағдарламасы жасалынып, ол қолға алынуда. Марапаттарыңыз құтты болсын, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін! – деді Қайрат Жолдыбайұлы.


Мұнан кейін аудан әкімі көпбалалы Ләззат Баубекова, Әйгерім Керімбекова, Индира Мәкиева, Роза Нышанова, Жұлдыз Садықова, Ақмарал Тәжімұратова, Айсұлу Өмірзақова, Айгүл Халбекова сынды аналарға «Күміс алқасы» мен гүл шоқтарын салтанатты түрде табыс етті.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру