Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ДА КӘСІБІН ДӨҢГЕЛЕТЕ АЛАДЫ

Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында – келер жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыру. Қазіргі жұмыссыз жүрген жастарды кәсіппен баулып, жұмыспен қамту – ұлттың болашағына жасалып жатқан үлкен қадам. Сондай-ақ, Жолдауда Мемлекет басшысы қарапайым еңбек адамдарына құрмет көрсету туралы айтты.Өңірде жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға берілетін мемлекеттік грант өз нәтижесін беріп жатыр. Осы орайда, Сайрам ауданындағы Ақсукент тұрғыны, көпбалалы ана Ақжан Әзімбай өткен жылы «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып, сертификат алған.Биыл сәуір айында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған» бағдарламасы аясында мемлекеттік грантқа кондитер өнімдерін ашуға өтінішін білдірген. Жоба қолдау тауып, мүмкіндігі шектеулі бала қараушы және көпбалалы ана санаты бойынша қаржыландырылған.Кәсіпкер 1 млн 380 мың теңге көлемінде түскен қаржысына қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, кәсібін бастады. Пеш, қамыр араластырғыш және т.б.жиһаздарын сатып алған.- Қазір кәсіп бастаймын немесе кәсібімді ұлғайтамын дегендерге мемлекет тарапынан түрлі жағдайлар жасалынып жатыр. Қайтарымсыз мемлекеттік грант соның бір дәлелі. Бұл шағын іс бастауға қаражаты жоқтарға немесе қаражаты жетпеген белгілі бір санаттағы азаматтарға үлкен көмек. Мен қолымнан келетін кәсібімді мемлекеттің осындай көмегі арқылы бастағаныма өте қуаныштымын. Бұл берекенің бастауы болса керек, – дейді грант иегері.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МАҢЫНДА ЖАСЫЛ АЛҚАП ҰЛҒАЙЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА САЛЫНАТЫН МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕННІҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

azatmedia